ҚарМТУ студенттері Қарағанды облысы экология департаментінің аналитикалық бақылау зертханасына барды


Ашық есік күні аясында 2019 жылы 2 қазанда Қарағанды мемелекеттік университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е.А. Цешковская БЖД-18-3 тобының студенттерімен Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің аналитикалық бақылау зертханасына барды.

Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары студенттерге экскурсия, топырақ және су сынамаларына зерттеу жүргізу арқылы сабақ өткізді. Студенттер зертхананың жұмысымен танысып, сынамаларды талдау процесіне қатысып, мемлекеттік аналитикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер жүргізу бөлімінде экология департаментінің қызметі туралы білді.

 

Без рубрики