2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жарияланды


27.06.2019 жыл

 

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық

жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға

арналған конкурс жарияланды

 

Конкурстың мақсаты – жас ғалымдардың (40 жасқа дейінгі) ғылыми-зерттеулер бастамаларын ынталандыру.

2020-2022 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы – 9 млрд.теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2020 жыл – 3 млрд.теңге, 2021 жыл – 3 млрд.теңге, 2022 жыл  – 3 млрд.теңге.

 

 Ғылымның басым және мамандандырылған бағыттарының аталымы

                                                                                                                  

Басым бағыттар Мамандандырылған ғылыми бағыттар
1. Энергетика және машина жасау  

 

 1.1. Жылу мен электр энергетикасы және қоршаған ортаға энергетикалық сектордың қоршаған ортаға әсері, энергия үнемдеу;

1.2. Баламалы энергия көздері мен технология: жаңартылған энергия көздері, ядролық және сутектік энергетика басқа да энергия көздері; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қолдану;

1.3. Көліктік, ауылшаруашылық, мұнай-газдық және тау-кен металлургиялық машина жасау.

2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын оңтайлы пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар 2.1. Химия ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

2.2. Топырақ ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

2.3. Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдеу;

2.4. Минералды шикізаттарды кешенді пайдалану;

2.5. Су, топырақ және биологиялық ресурстарды басқару;

2.6. Қоршаған ортаның және «жасыл» технологияның объектілерін мониторингтеу;

2.7. Көмірсутек шикізатын кешенді өңдеу;

2.8. Композициялық материалдар;

2.9. Наноматериалдар мен нанотехнологиялар;

2.10. Биомедициналық материалдар және биологиялық белсенді заттар;

2.11. Табиғи шикізат пен техногендік қалдықтар негізіндегі көпмақсатты жаңа материалдар:

2.12. Өнеркәсіптік биотехнология;

2.13. Продуценттік биопрепараттар штаммдарын алу технологиясы:

2.14. ПҚКО іздеу, барлау және өңдеу жүйелері;

2.15. Табиғи және техногендік кен шикізатын байыту, кешенді қазып алу, өңдеу жүйелері;

2.16. Рудалық емес пайдалы қазбаларды алу және пайдалану;

2.17. Металдар мен материалдарды өндіру және өңдеу;

2.18. Суды тиімді пайдалану жүйелері;

2.19. Ақпасуды, газ тазартуды және тозаң тұтуды тазарту жүйелері;

2.20. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жүйелер;

2.21. Биологиялық әртүрлілікті қолдау жүйелері;

2.22. Парниктік газдардың шығарылу деңгейін төмендету және энергияның балама көздерін қолдану жүйелері;

2.23. Жерлердің шөлейттенуі мен азуын тоқтату бойынша жүйелер;

2.24. Ақпараттық жүйелер және дерекқорлар;

2.25. Каталитикалық жүйелер және технологиялар;

2.26. Арнайы ерекшеліктерімен полимерлік материалдар;

2.27. Тігін және жеңіл өнеркәсіпке арналған функционалдық материалдар;

2.28. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылыстық конструкциялары, құрылыс материалдары мен бұйымдарды өндіру технологиялары, сейсмотұрақты құрылыс пен құрылыс қауіпсіздігі, жаңа архитектуралық нысандары.

3. Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер 3.1. Зияткерлік ақпараттық технологиялар:  

3.1.1. Басқару және шешім қабылдаудың зияткерлік жүйелері (оның ішінде осы уақыттағы);

3.1.2. Сөйлеу технологиялары және компьютерлік лингвистика;

3.1.3. Образдарды айыру және кескіндерді өңдеу;

3.1.4. Машиналық оқыту (machine learning);

3.1.5. Зияткерлік робототехникалық жүйелер;

3.1.6. Ғылым және білімдегі смарт технологиялар;

3.1.7. Индустрияға арналған жаңа технологиялардың негіздері: толықтырылған және виртуалды шындық жүйелері, 3D-принтинг және басқа аддитивті өндіріс.

3.1.8. Заттар интернеті.

3.2. Телекоммуникациялық технологиялар:

3.2.1. Байланыс жүйелеріндегі, деректерді ұсыну желілеріндегі басқару және оңтайландыру ( оның ішінде мультисервистік платформаларда: мобильдік және ойын интернет технологияларында)

3.2.2. Онлайн-саудаға, сандық банкингке және басқа да сандық қызметтерге арналған ақпараттық-коммуникациялық жүйелер.

3.3. Ғарыштық технологиялар:

3.3.1. Ғарыштық және жердегі-ғарыштық инфрақұрылымдар үшін аппараттық-бағдарламалық құралдарды жасау технологиялары;

3.3.2. Алыс және жақын ғарыштың ғылыми және эксперименттік базасын дамыту.

3.4. Өнімділігі жоғары есептеу технологиялары:

3.4.1. Жинақтық, параллельдік және үлестірілген есептеулер;

3.4.2. Big-data және data mining технологиялары;

3.4.3. Есептеу жүйелерін техникалық қамтамасыз етудің жобалау технологиялары мен архитектурасы;

3.4.4. Ақпараттық-іздеу жүйелері.

3.5. Деректердің ақпараттық қауіпсіздігі мен қорғанысының әдістемелері мен жүйелері:

3.5.1. Күрделі жүйелер мен деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістемелері мен алгоритмдері;

3.5.2. Ақпаратты қорғаудың технологиялары мен бағдарламалық-техникалық құралдары.

3.6. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер:

3.6.1. Математика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

3.6.2. Физика және астрономия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

3.6.3. Информатика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

3.6.4. Механика саласындағы математикалық және компьютерлік модельдеу.

4. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі  4.1. Интенсивті мал шаруашылығының дамуы;

4.2. Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4.3. Интенсивті егін шаруашылығы және мал шаруашылығы;

4.4. Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4.5. Ауылшаруашылық өнімді және шикізатты қайта өңдеу мен сақтау;

4.6. Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуды техникалық қамтамасыз ету;

4.7. Ауыл аймақтарын тұрақты дамыту.

5. Өмір және денсаулық туралы ғылым

 

5.1. Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғаудағы биотехнологиялар:

5.1.1. Геномдық редакциялау технологиясы, өсімдіктер мен жануарлардың тұрмыстық-бағалы белгілерін жақсарту үшін ілеспелі маркерлік және геномдық селекция;

5.1.2. Ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруларымен күреске арналған биотыңайтқыштар мен биологиялық препараттарды жасау биотехнологиясы;

5.1.3. Жаңа буынның вакциналар, био- және дәрілік препараттарды және тест-жүйелерін жасаудың молекулярлық-генетикалық және жасушалық технологиялары;

5.1.4. Табиғи экожүйелердің биотүрлілігін сақтау және ұдайы ұлғайту биотехнологиясы;

5.1.5. Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік ластанудан техногендік бұзылған экожүйелерді, ақпасу мен топырақты тазартуды оңалтудың биотехнологиялары;

5.1.6. Энергияның балама көздерін алудың инновациялық биотехнологиялары;

5.1.7. Биология, ауыл шаруашылығы және экологиядағы ақпараттық технологиялар.

5.2. Медицинадағы биотехнология:

5.2.1. Медицинаға арналған жасушалық технология мен тіндік инженерияның дамуы;

5.2.2. Дербестелген медицинаны дамыту үшін молекулярлық-генетикалық, геномдық технология және биоинформатика;

5.2.3. Ауырулардың симптомға дейінгі диагностикасы, профилактикасы және емінің мультиомдық және молекулярлық технологиялары;

5.2.4. Адамның анте және постнатальді дамуы, қартаю, өмірін ұзарту мәселелерін шешудің жаңа технологиялары және биологиялық белсенді субстанциялары;

5.2.5. Алдын алу медицинасына арналған био- және дәрілік препараттарды алудың жаңа биотехнологиялары.

5.3 Отандық фармацевтикалық ғылымның және өнеркәсіптік биотехнологиясының дамуы:

5.3.1. Медицина және ветеринарияға арналған бірегей дәрілік және профилактикалық препараттар, медицинаға арналған бұйымдар, жабдықтар, оларды өндіру технологиялары, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер;

5.3.2. Өсімдік, жануарлар және минералды шикізаттардан биотехнологиялық әдістермен бағалы компоненттерді алу технологиясы;

5.3.3. Ауыл шаруашылығы, тағам және өңдеу өнеркәсібі үшін биопрепараттардың штаммдарын-процуденттерін, ақуыз ферменттерін және амин қышқылдары ферменттерін алудың технологиясы;

5.3.4. Биологиялық белсенді субстанциялардың микроағзаларын және/немесе ферменттерін қолдану арқылы шикізатты терең өңдеу технологиялары.

6.  «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері» (ХХІ ғасыр білім, гуманитарлық ғылымдар саласының іргелі және қолданбалы зерттеулері)

 

6.1 Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер:

6.1.1. Ғылымды қажет ететін бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу;

6.1.2. Мемлекеттің қазіргі жағдайдағы әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру саласындағы зерттеу;

6.1.3. Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың маңызды мәселелері және пәнаралық зерттеулер;

6.1.4. Қоғам мен мемлекеттің жаңғыру жағдайындағы мәдениет, салт-дәстүр, құндылықтары саласындағы зерттеулер;

6.1.5. Экономиканың ІІІ технологиялық жаңғыруы, 4.0 Индустриясы, өнеркәсіптік және технологиялық саясат, инновациялық экономика, ғылыми, креативтік және әлеуметтік кәсіпкерлік.

6.2. ХХІ ғасырдағы білім мәселесінің іргелі және қолданбалы зерттеулері.

6.3. Қоғамдық сананың жаңғыру мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері:

6.3.1. Жаңа гуманитарлық білім:

6.3.2.Туған жер. Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім;

6.3.3. Қазақстанның рухани жерлері. Қазақстанның киелі географиясы;

6.3.4. Тарихи, мәдениет пен тіл тұтастығы. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның заманауи мәдениеті;

6.3.5. Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры.

7. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс 7.1. Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мүддесіндегі техникалық құралдарды жасау.

Ндаменталь

 

 Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру процесі

 

  1. Өтінім беруші және жоба жетекшісі конкурсқа өтінімді Ғылым комитетіне электронды сандық қолы (әрі қарай – ЭСҚ) қойылған электронды түрінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (әрі қарай – Орталық) ақпараттық жүйесі арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 тамыздағы № 891 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Орталықтың ақпараттық жүйесінен жеке тіркеу нөмірін (әрі қарай – ЖТН) алады.
  2. «Құпия» белгісі бар өтінімдер «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнайы поштамен беріледі.

 

Өтінімдің соңғы қабылдау мерзімі  — хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

ҚарМТУ ғылым және инновация департаменті

Каб. 226, тел. 56-68-22 (ішкі 22-26)

 

Конкурсная документация на грантовое финансирование молодых ученых по научным и (или) научно-техниченским роектам на 2020-2022 годы

 

Без рубрики