КарМТУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҮШТІГІНЕ КІРДІ


 

ҚР сұранысы жоғары жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі – 2020 қорытындысы бойынша Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін алға жіберіп, еліміздің жоғары оқу орындарының Бас рейтингінде — 3-орынды және  «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру саласында 1-орын алды.

Аталған рейтингті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) 2014 жылдан бастап өткізіп келеді және жоғары оқу орындарын саралаудың халықаралық стандарттарына негізделген.

2020 жылы НААР/IAAR рейтингіне Қазақстанның 89 жоғары оқу орны қатысты.

  • Саралау әдістемесінің негізгі көрсеткіштерінің қатарына:
  • институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу;
  • адам ресурстарының даму деңгейі;
  • жоғары білімді интернационалдандыру, оның халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуі;
  • ғылыми зерттеулердің даму деңгейі;
  • жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс кірді.

 

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сыныптауышына сәйкес білім беру бағдарламаларын білім беру топтары, бағыттары, салалары және деңгейлері бойынша саралау НААР/IAAF рейтингісінің ерекшелігі болып табылады.

ҚарМТУ білім беру бағдарламаларының 25 тобы бойынша 1-орынды иеленді (бакалавриат – 9,  магистратура – 10 және докторантура – 6).

Жыл сайын ҚарМТУ осы рейтингтегі көшбасшылардың үштігіне кіреді, бұл тағы да бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын, университеттің даму стратегиясының халықаралық танылуы мен тиімді саясатын растайды.

Без рубрики