КАФЕДРА ТАРИХЫ

1968-1993 жж. Кафедраны Қарағанды тау институтының алғашқы түлектерінің бірі, Мәскеу тау институтының аспирантурасын аяқтап және техника ғылымдарының кандидаты деген оқу дәрежесіне диссертациялық жұмысын қорғаған, доцент Данияров Асылхан Нурмухаметович басқарды. Оның 25 жыл кафедраның меңгерушісі болып қызмет атқару барысында кафедра Карағанды политехникалық институтының алдыңғы қатарларының біреуі болды. Асылхан Нурмухаметович педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысын белсенді қоғамдық іскерлік пен сәтті жүргізді, мемлекеттік сыйлықтарға ие болған. Оның жетекшілігімен 22 астам техника ғылымдарының кандидаттары дайындалған. Оның өнеркәсіптік көлік кафедрасы мен институттың құрылуында, оқу-әдістемелік және ғылыми іскерліктегі жетістіктерін ескере отырып, 1994 ж. институттың Кеңесімен өнеркәсіптік көлік кафедрасы “Асылхан Нұрмұхаметұлы Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік кафедрасы” болыпатала бастады.

1994-2010 жж. “Өнеркәсіптік көлік” кафедрасын профессор, техника ғылымдарының докторыМалыбаев Сәкен Қадыркенович басқарды.

2010 ж. шілде айынан желтоқсанайына дейін “Өнеркәсіптік көлік” кафедрасын доцент, техника ғылымдарыныңдокторы Данияро вНұрлан Асылханович басқарды.

2010 ж. желтоқсан айынан 2011 ж. маусым айына дейін, 2014 ж. айынан 2016 ж. наурыз айына дейін “Өнеркәсіптік көлік” кафедрасын профессор, техника ғылымдарының кандидаты БалғабековТөлеуКунжолович басқарды.

2011 ж. шілдесінен бастап 2014 ж. сәуір айына дейін “Өнеркәсіптік көлік” кафедрасын доцент, техника ғылымдарының кандидаты Акашев Арсен Закировичбасқарды.

2016 ж. наурыз айынан бастап қазіргі уақытта “Өнеркәсіптік көлік” кафедрасын PhDдокторы Хуанған Нұрбол басқарады.

n“Өнеркәсіптік көлік” кафедрасының мақсаты болып инженердің (зерттеушінің) инновациялы ойлау стилімен және білімнің жүйелі пайдалану негізінде көлік саласының тапсырмаларын өзі шеше алатындай етіп толық дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасау.

“Өнеркәсіптіккөлік” кафедрасы келесідей бағыттармен дайындық жүргізеді:

1.  5B090100 “ Көлікті пайдалану және  жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру ” мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы  бакалавры, оқу барысында қызмет көрсету саласындағы келесі дағдыларды игереді:

—  өндірістің жаңа технологияларын өз бетінше игеру;

—  өнімнің, табыстың өзіндік құнының пайдалану шығындарын анықтау;

—  мақсатқа жетудің тиімді әдістері мен технологияларын таңдау және жүйе (кәсіпорынның, ұйымның, цехтың) мақсаттарының декомпозициясын жүргізу;

—  өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен технологиясын, күйін талдау;

—  компьютерлік және ақпараттық техниканы қолдану;

—  тиеп-түсірутехникасын немесе оның жеке агрегаттары мен механизмдерін есептеу және конструкциялау.

Без рубрики