Кафедра меңгерушісінің түйіні


_DSC4810РАХИМОВ МУРАТ АМАНЖОЛОВИЧ

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің  «Құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан менеджмент сапа академиясының мүше-корреспонденті.

Байланыс мәліметтері

Мекен жайы: Қарағанды, ., Бейбітшілік Бульвары 56, 1-корпус кабинет. 217

Қызмет телефоны: 8(7212) 56-59-32 (ішкі 1031)

E-mail: rahimov67@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау күні: сәрсенбі 15:00- ден 17:00-ге дейін

Биографиялық мәліметтер

Қарағанды қаласында жұмыскерлер отбасында 1967жылдың 31 желтоқсанында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженерлік – құрылыстық факультетін «Инженер-құрылысшы-технолог» біліктілігімен аяқтады. 1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қыркүйегі аралығында – «Құрылыс материалдары және бұйымдарының технологиясы» (ҚМ және БТ) кафедрасының ассистенті. 1992-1993 ж.ж. ҚарПТИ инженерлік-құрылыстық факультеттің құрылыс бөлімшелерінің басшысы міндеттерін орындады. 1996 жылдан – сол кафедраның аға оқытушысы. 2001 жылдан 2004 жылға дейін  – ҚарМТУдің қысқартылған оқу мерзімді факультеттің деканының орынбасары. 2002 жылдан –  ҚарМТУдің ҚМ және БТ кафедрасының доценті. 2004 ж. – ҚарМТУдің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. 2004 жылдың қыркүйегінен – «Құрылыс материалдарының және бұйымдарының технологиясы» кафедрасыны меңгерушісі. 2005 жылы жоғары проффессионалдық білімді ұйымдастыру бөлімшелерінің сапасы бойынша уәкілі ретінде  біліктілікті жоғарылату бағдарламасы бойынша  «9000:2001 сериялы ҚР СТ ИСО бойынша сапа менеджменті жүйелері» және «СМЖ ішкі аудиті» тақырыбы бойынша  теориялық оқудан өтті. 2001 жылдың қаңтарында «Модификацияланған майдадәнді бетон негізіндегі дірілпресстелген төсеу элементтерінің технологиясы және қасиеттері» тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғалған.  05.23.00 «Құрылыс» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы  ҚР ККАСОН 2008 жылдың маусымында берілген. Ғылыми қызметінің саласы – модификацияланған бетон бұйымдарының технологиясы.

Оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін 2008 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики