Тарих

Кеніштік аэрология және еңбек қорғау кафедрасы

«Кеніштік желдету» кафедрасы 1958 жылы құрылды және сол жылы «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасына қайта құрылды. Бірінші кафедра меңгерушісі болып Н. Ф. Кременчуцкий жұмыс істеді, қазіргі кезде ол Днепропетровск тау-кен академиясының профессоры, техника ғылымдарының докторы. Кафедра штаты 6 адамнан құралды: доцент Г. Е. Панов, доценттер Т. Е. Гуменюк, Н. Ф. Кременчуцкий, Н. Ф. Гращенков, В. М., В. М. Маляревский, аспирант Д. А. Аманбаев.

1962 жылдан бастап 30 жыл бойы кафедраны Н. Ф. Гращенков басқарды.

Осы уақытта Николай Федорович докторлық диссертация қорғады, профессор дәрежесін алды, тау-кен ісінде еңбек қауіпсіздігінің облысында өзінің мектебін құрды, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады, он жыл бойын КарПТИ оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

Кафедра құрылуынан бастап, мұнда еңбек қауіпсіздігі облысының, өнеркәсіптің басқа салаларының атақты адамдары жұмыс істеді және әлі де жұүмыс істейді: ҰОС қатысушылары профессор Н. Ф. Кременчуцкий,   доцент Т. Е. Гуменюк және доцент Г. Е. Панов, профессорлар: Н. Ф. Гращенков, В. П. Журавлев, А. К. Акимбеков, Ю. Д. Обухов, В. С. Харьковский, Ж. Г. Левицкий және басқалар; доценттер: В. М. Маляревский, В. В. Иванов, В. В. Суслов, Ж. У. Галиев, Ж. К. Аманжолов, ассистенттер В. С. Ем – қазіргі кезде Ломоносов атындағы ММУ профессоры (Ресей) және т б.

1974 жылы кафедра екіге бөлінді: «Кеніштік аэрология» және «Еңбек қорғау» кафедралар меңгерушілері болып профессор Н.Ф. Гращенков пен профессор Ф.М. Гельфанд сайланды, ал 1977 – 1980 жж. аралығында «еңбек қорғау» кафедрасын профессор Журавлев П.В. меңгерді.

1980 жылы «Кеніштік аэрология» және «Еңбек қорғау» кафедралары қайтадан «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасына біріктіріліп, оны Н.Ф. Гращенков меңгерді.

1992 жылдан 1995 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып Ю. Д. Обухов жұыс істеді, ал 1995 жылдан бастап «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының меңгерушісіне А. К. Акимбеков таңдалды. 2001 -2002 жылдар аралығында кафедраны КарПТИ 1961 жылғы түлегі В. С. Харьковский басқарды, ал 2002 жылдан 2006 жылға дейін кафедраны Ж. К. Аманжолов басқарды. 2006-2007 жылдар аралығында меңгеруші жұмысын Ж. Г. Левицкий жүргізді.

2007 жылдан бастап қазіріг кезге дейін«Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент П. В. Емелин болып табылады.

Кафедра мамандарды дайындауды жетілдіру мақсатында Ресей және Украина елдерінің кафедраларымен тығыз байланысады. Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің техника ғылымдарының докторлары, профессорлары Ушаков К. З., Кирин Б. Ф., Днепропетровск тау-кен иснтитутынан Кременчуцкий Н. Ф., Бойко В. А. оқу процесі мен бірыңғай ғылыми жұмысқа қатысып, ҚарМТУ-мен өз тәжірибелерімен  алмасып отырады.

Н. Ф. Гращенков пен А. К. Акимбековтың басшылығымен құрылған ғылыми мектеп 50-ден астам кандидаттар мен докторларды шығарды, олар қазіргі кезде өзінің ғылыми бағыттарын ары қарай дамыту үстінде және Қазақстанмен қоса шекарадан тыс жерлерде, оқу мекемелерімен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Кафедрада үлкен ғылыми және оқу жұмысы жүргізіледі. Кафедра Қазқстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының ішінде 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша МЖМБС жасаудың бас басқармасы болып табылады. Кафедрада 2004 және 2006 жылдың 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша МЖМБС жасап шығарды, ол нәтижесінде бекітіліп, жұмыс барысына енгізілді.

Кафедрада 6N 0731 «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік пен денсаулық» зерттеу бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындайды. 2006 жылдан бастап магистранттардың екі тобы оқып жатыр.

Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы ғылыми жұмысқа, оқытушылар квалификациясын көтеруге белсенді түрде қатысады. 2006 жылдан бастап, 6 кандидаттық  диссертация қорғалып, 1 докторлық диссертация дайындалды. Жыл сайын кафедра оқытушылары 30-дан астам мақалаларды ашық басылымда шығарады, сонымен қоса республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып отырады.

Без рубрики