Облыстық «Жаңа ғасыр жастары» атты жас ақындар мүшайрасы


16 мамыр күні қаламыздағы «Достық үйінің» ғимаратында ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі Тұңғыш Президент жолдауындағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында және 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай, «Қарағанды қаласының 85 жылдығы» және белгілі ақын, жазушы, алаш қайраткері «Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы», сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машина жасау және Сәулет-құрылыс факультеттерінің 60 жылдығы» мерейтойларының қарсаңында  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі екінші рет дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырған «ЖАҢА ҒАСЫР ЖАСТАРЫ» атты облыстық жас ақындар мүшайрасын өткізді. ҚарМТУ колледжінің директоры Н.А.Смағұлова өз сөзінде ұйымдастырылып отырған бұл шараның дәстүрлі түрде екінші рет өз дәрежесінде өтуіне қолдау білдірген Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ибатов Марат Кеңесұлына және «Достық үйінің» ғимаратында өтуіне қолдау көрсеткен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын мырзаға алғыс білдірді. Байқауға облысымыздың әр өңірінен 20 қатысушы қатысып, өз бақтарын сынады. Мүшайраға Республикамызға танымал ақын Асқаров Қайрат, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Жұмағұлов Айтбай, Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі – Рауан Қабидолодин, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің  Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі – Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми орталығының әдіскері, «Тіл жанашыры» обылыс әкімі сыйлығының иегері, Қазақ тілінің «Үздік оқытушысы» Республикалық байқауының І орын иегері, педагогика ғылымдарының магистрі – Жұмагелдина Динар Мұғиынқызы, Бұқар-жырау ауданы «Руханият» қосымша білім беру орталығының директоры – Ермухамбетов Бауыржан Ермухамбетович, «Қарағанды гуманитарлық колледжінің» кітапхана меңгерушісі – Жылтыбаева Гулайым Рашитовна қазылық жүргізді.

Қазылар құрамының шешімі бойынша Бас жүлдені – Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп интернатының 11 сынып оқушысы Жұлдыз Жанболат иеленсе, І орынды 2 студент – Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1 курс студенті Шакарова Әйгерім мен ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің 3 курс студенті Қаниева Арайлым иеленді,  ал, ІІ орынды  2 студент – Теміртау қаласы, №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алдажаров Мерей және Қарағанды қаласы, №68 мектеп-интернатының  9 сынып оқушысы Ойрат Шұғыла иеленді.  ІІІ орынды 2 студент – Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1 курс студенті Сайранов Нұрсұлтан мен Жезқазған қаласынан келген «Жезқазған бизнес және көлік» колледжінің 1 курс студенті Төлеубек Аружан марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар,  Абай қаласының №1 қосымша білім беру мектеп-орталығының 6 сынып оқушысы Акшалова Алуа, Қазыбек би ауданы, № 48 ЖББОМ 7 сынып оқушысы Трубникова Татьяна, Қарағанды қаласы, №4 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Айтбай Ұлжалғас және Теміртау қаласының «№15 қазақ мектеп-гимназиясы» 10 сынып оқушысы Баймұхан Шұғыла Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев атындағы арнайы жүлделермен марапатталды. Аталған шараның негізгі мақсаты: ұлттың ұлы мұраты – Мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарымызды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау; Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту; Жастардың ЖОО-да білім алуларына дұрыс бағыт-бағдар беру; «Жастар жылы» аясында жастардың сұранысқа ие мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті жан-жақты маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсету; Алаш қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармалары арқылы жастарды сауатты болуға, білімге, ғылымға, өнерге баулу тұрғысынан тәрбиелеу; Өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру болып табылатын. Жыр сайысына демеушілік көрсеткен барлық азаматтарға  және «Аийшах show» би ансамбілі, Телевидение мектебі, Аквапарк Дельфин орталығы, Global Student Centre, Quest whisper орталықтары басшыларына  ұйымдастырушылар атынан алғыс білдірілді.

 

Без рубрики