Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедра — Ресей техникалық жоо физика кафедралары Ассоциациясының шетелдік мүшесі, «ОСКАФ» physicsnet.ru. алмасу жүйесінің мүшесі. Бұл кафедра қызметкерлерінің өз әзірлемелерін алмасу қорына енгізулеріне және басқа да қатысушылардың әзірлемелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде кафедра алыс және жақын шетелдердегі жетекші ЖОО-мен қатар белсенді түрде қызмет істейді:

- Пенза Мемлекеттік технологиялық академиясымен (ПГТА, РФ), Сібір Энергетикалық Академиясы аймақ аралық қоғамдық ұйымымен, «МОО СЭА», Новосибирскімен (РФ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

- «Сібір мемлекеттік автомобиль –жол академиясымен (СибАДИ)» (РФ, Омск қ.), «Орел мемлекеттік аграрлық университетімен» (ФГОУ ВПО Орел ГАУ, РФ) , Фраунгофер институтымен (Fraunhofer IFF, Германия)меморандумға қол қойылды.

- Украина ғылыми-зерттеу және тау-кен геологиялық жобалау-конструкторлық институтымен, Украина геомеханика және маркшейдерлік жұмысы Ұлттық ғылым академиясымен (Укр НИМИ НАН Украины) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды.

— Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен (НМТУ) ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге келді.

Оқытушылар Москваның Мемлекеттік зерттеу университеттерінде «МИФИ» және «МАИ» мамандығын жетілдіреді.

кафедра оқытушылары жыл сайын шетелдік ғылыми конференцияларға қатысады:

- “Физика қазіргі заманғы білім жүйесінде” және Ресей техникалық жоо физика кафедралары меңгерушілерінің кеңесінде (Москва қ., МГТУ (МАИ));

- «Қазіргі заманғы физикалық практикум» (Астрахань қ., РФ);

- «Проблеми гiрського тиску» (Донецк қ. ДНТУ, Украина);

- «Қазіргі заманғы физикалық практикум» (Минск қ. «Баспа орталығы БГУ», Белоруссия)

Ғылыми жинақтарда жарияланған:

- «Науковi працi» (Донецк қ.УкрНДМИ НАН, Украина);

-« Қазіргі заманғы минеральдық қорларды игеру технологиялары» (Красноярск қ. СФУ, РФ).

-Journal of physics. Condens. Matter. (USA, New Iork)

Тәуелсіз Мемлекттер Ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған «ТМД-ға 20 жыл» халықаралық көрмесіне табысты қатысу, ВВЦ (Москва қ.) дипломымен табысталды.

Эразмус Мундус «EuroAsian Starter for Technikal Academic Network Application – eASTANA» (ЕвроАзиатский Стартер техникалық-академиялық жүйесіне арналған – еASTANA) жобасы бағдарламасы бойынша Смирнов Ю.М. жоба орындаушысы болып тағайындалды.

А. Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық университетімен бірігіп оқушылардың физикадан халықаралық олимпиадасын өткізу бойынша жобалар іске асырылуда.