ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Кафедра туыстас кафедралармен тығыз шығармашылық байланыста: Мәскеу мемлекеттік тау-кен   университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік тау-кен университеті, Уральск  мемлекеттік тау-кен   университеті,  Владимир мемлекеттік  университеттің Муромдағы филиалы (Ресей), Краснояр мемлекеттік түрлі- түсті метталл және алтын университеті, Ресей — Қырғыз университеті ( Бишкек қ.), Ташкент техникалық университеті (Өзбекістан).

ҚарМТУ ректоратында «Leica» Швейцария фирмасының өкілдері

КарМТУ мен  ЖШС «ЕАТС» — Қазақстан Республикасында  «Leica Geosystems» Швейцария фирмасымен агенттік және шығармашылық қатынас туралы келісім-шарт  жасалды (Алматы қ.)

2011 жылы  ГиК-08-2,3 топтарының 10 студенттері  “Шетелден келген студенттерге арналған таныстырылымдық тәжірибе” атты DААD бағдарламасымен  Герман академиялық  айырбас  қызметінің  Халықаралық  грантын ұтып алды және Циттау Герлитц Институты мен  Клаусталь  Техникалық университетіне барды.

МІжГ кафедра меңгерушісі Низаметдинов Ф.К. мемлекеттік тау-кен академиясында, ( Екатеринбург қ.), БОҒЗМИ, Санкт-Петербург мемлекеттік тау-кен университетінде (Санкт-Петербург қ.) және  Циттау Герлитц Институтында (Германия) сынақ іс (стажировка) өтті.

КарМТУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы   Клаусталь Техникалық университетінің Геотехника және маркшейдерлік іс кафедрасымен бірлесіп  жұмыстар жүргізуде (Германия)

08.04.10ж. №243 «Шетел ғалымдарын шақыру»  бұйрығы негізінде «Геотехника және маркшейдерлік іс» кафедрасының профессоры  В.Буш  15.09.2010ж. – 22.09.2010ж. аралығында  ҚарМТУ –не келді

Іс-сапар барысында профессор В.Буш  студенттер мен ПОҚ үшін «Жер бетінің қозғалысын бақылаудың жаңа тәсілдері және тау-кен ісінде радаринтерферометрияны қолдану» бойынша бір шама дәрістер оқыды. Клаусталь  Техникалық университеті маңайының және  Германиядағы білім беру жүйесінің  таныстырылымын (презентация) көрсетті.

Профессор В.Буш (Клаусталь (Германия)) және профессор Низаметдинов Ф.К. (ҚарМТУ)

Іс-сапар барысында Клаусталь Техникалық  университетінің  «Геотехника және маркшейдерлік іс» Институты мен  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс» (Қазақстан) кафедрасы арасында қарым-қатынас туралы 2010-2013ж.ж.-на меморандумға қосымша бет дайындалған, қарастырылған және қол қойылған.  Осы меморандумға сәйкес  Клаусталь Техникалық университетінің (Германия) профессоры В.Буштан МІжГ кафедрасының магистранттары 10 күнге  сынақ іс (стажировка) өтуге шақыру  алды және ДААД Неміс  академиялық  айырбас  қызметі бағдарламасы аясында магистрант Омарова А.К. 3 айлық сынақ іс   жоспарланды

Аталмыш ресми іс-сапардың  және қол қойылған меморандумның арқасында  біздің ғалымдар неміс баспаларында  жариялануға жақсы мүмкіндік  алады Неміс  академиялық  айырбас  қызметі  барысында Мозер Д.В.  2008 жылдың қараша айынан 2009 жылдың мамыр айы аралығында  Клаусталь қ. техникалық университетінде  (Германия) сынақ істен (стажировка) өтті. 6-14 шілде  Мәскеу қаласында өткен «ТМД елдерінің жас көшбасшылар мектебі» атты семинарына қатысты. Кафедра ұжымы баяндамаларымен халықаралық конференцияларға белсене қатысты (V Халықаралық конференция «Еуропа ғылымының заманауи жетістіктері – 2009ж.», Болгария, София қ. – 3 баяндама, V Халықаралық конференция «Озық ғылыми зерттемелер – 2009», Чехия, Прага қ. – 2 баяндама; V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфернеция «Шығыс әріптестігі – 2009ж. » , Чехия, Прага қ. – 1 баяндама; Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Геотехниканың, транспорттық  құрылыстарды құру мен механикасының қазіргі замандағы мәселелері», т.ғ.д., профессор, МАИН академигі, топырақ пен негіз (фундамент) механикасы бойынша (ISSMGE) Халықаралық ассоциацияның және Қазақстан геотехникасы ассоциациясының мүшесі Е.А. Исахановтың туғанына 70 жыл және ғылыми-педагогикалық қызметіне 45 жыл болғанына арналған, Алматы қ., М.Тынышпаев атындағы ҚазАТжК  , 2010ж. – 3 баяндама; Халықаралық ғылыми конференция «Ғылым және білім – «Қазақстан – 2030  стратегиясының жетекші факторы» — 10 баяндама»); МІжГ кафедрасының ұжымы ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты: —  23-24 желтоқсан  2009 жыл Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстан тау-кен-металлургия кешенінің көкейкесті  мәселелері (№1 Сағынов оқылымдары)». Конференцияға АҚ «ССГПО» Корпоративтік Университетінің (вице-президент, бас инженер Урдубаев Р.А.), АҚ «Шұбаркөл көмір» (президент Акбаев Т.А., вице-президент Ким С.П., бас технолог Омаров С.Т.), КД «Борлы (Басқарушы Сергеев А.В., бас маркшейдер Горбунов А.Н.)» өкілдері қатысты. — 24-25 маусым 2010 жылы Халықаралық ғылыми конференция «Ғылым және білім – «Қазақстан – 2030  стратегиясының жетекші факторы». Конференцияға  С.-Петербург мемлекеттік тау-кен университетінің инженерлік геодезия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, ТКҒА академигі Мустафин М.Г., минералды  қамбалар (ресурсы) халықаралық академиясының  академигі, РФ Тау-кен академиясының кеңесшісі, т.ғ.д., профессор МИВлТКУ Шпаков П.С., және АҚ «ССГПО» Корпоративтік Университетінің (вице-президент, бас инженер Урдубаев Р.А.),  АҚ «Шұбаркөл көмір» (президент Акбаев Т.А., ) өкілдері қатысты. ҚарМТУ мен ҚР Қарағанды қаласындағы «Leica Geosystems» Швейцария фирмасының ресми өкілі  ЖШС «ЕАТС»  арасында келісім — шарт жасалды.  2007 жылдан бастап ҚарМТУ МІжГ кафедрасы ішінде Қарағанды қаласындағы «Leica Geosystems» Швейцария фирмасының ресми өкілдігінің филиалы ашылды.   Филиалды ашу нәтижесінде – мамандарды дайындауда өзара көмек көрсету бойынша түпкілікті жұмыс, ғылыми-зерттеу мен заманауи маркшейдерлік-геодезиялық аспаптарды  және бағдарламалық  өнімдерді тарату бойынша маркетинг қызметтерін атқаруға болады.Бұл түпкілікті жұмыстың  қорытындысы кәсіпорындармен (АОҚ «Шұбаркөл көмір», ЖШС «Шығыс кенбасқару», АҚ «Васильковский ГОК», АҚ «ССГПО», ЖШС «Nova Цинк»)  жалпы сомасы 30148, 88 мың теңге болатын  ҒЗЖ  орындауға шаруашылық келісім-шарттарға отыру, кандидаттық және докторлық диссертацияларды дайындау мен қорғау (5 кандидаттық және 2 докторлық диссертациялар) болып табылады. ҚР ҒжБМ грант аясында «Шет ел ғалымдарын шақыру» ҚарМТУ-ды 22.10 мен 3.11.2012 ж. т.ғ.к., жетекші ғыдыми қызметкер ООО «Поземгазпром» Оксенкруг Ефим Семенович келді.

Ол магистрантар мен жоғарғы курс студенттеріне дәріс оқыды. Дәріс өте қызықты, әрбір дәрісте слайд – презентациямен жүргізілді. Курстың аяқталған соң, Оксенкруг Е.С. магистранттардан ауызша емтихан қабылдады.

Ефим Семеновичтың үлкен қабілеттілігі мен магистранттардың геотехника үйрену аумағы қызықтырды.

Без рубрики