Хабарландыру!


Назар аударыңыз!

Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (МНТЦ) – Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және  Грузия ғалымдары және олардың Жапония, Корея Республикасы, Норвегия және АҚШ мемлекеттеріндегі әріптестері арасында  іскерлік байланыстар орнататын мемлекетаралық ұйым. ХҒТО түрлі халықаралық жобаларды жүзеге асыруға ұйтқы болып, жаһандық ғылыми және іскерлік қауымдастыққа  бірлескен жобалар және бизнес жасау мақсатында ғылыми ноу-хауларға ие Грузия және ТМД елдерінің институттарын танытады және табуға көмек көрсетеді.

Ғылыми-техникалық жобалар бағдарламалары – ХҒТО жүзеге асыратын көлемі жағынан  ең үлкен қызмет формасы болып табылады. Осы бағдарламалар аясында ХҒТО ТМД елдері және Грузияның түрлі институттарынан ғылыми-техникалық жобалар бойынша ұсыныстар сұратады және жобаға қатысушы ұжымдарға ұйымдастырушылық-техникалық және қаржылай қолдау көрсетеді. Жобаға қатысушы ұжымдар зерттеу жүргізілетін мемлекеттен рұқсат алып, аталған жобаны әзірлейді және коллабораторлық шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады. Шетелдік коллабораторлар жобаның мақсатының зерттеу бағытының нақты саласын дамытатындығына және нәтижелердің фундаментальді және қолданбалы ғылым алдында тұрған көкейкесті мәселелердің шешімін табуға көмектесетіндігіне кепілдік береді.

Жоба бойынша ұсыныс дайындау және қарауға ұсыну

Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінен алыңыз.

(Бас корпус, 226 каб.,  тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)

Без рубрики