Ғазалиев Арстан Мәуленұлы

1951 ж., қазан айының  9-ы Қарағанды қаласында танымал оқытушы-педагог Мәулен Ғазалиев – Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі, Қарағанды қаласының ағарту жүйесін құрушы мен ұйымдастырушылардың бірі.

1968 жылы Қарағанды қаласының №1 орта мектебін бітіріп, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетіне түсті. Студенттік жылдары кезінде ғылыми үйірмелерге белсенді қатысып, баяндамалармен сөз сөйледі. В.И.Ленин атындағы стипендиаты. (1971-1973 жж.)

1973 – 1977 жж.аралығында Қазақ мемлекеттік университеттің аспирантурасында «02.00.03 – Органикалық химия» мамандығы бойынша оқыды. 1977 жылы химия ғылымдарының кандидаты ғылыми ддәрежесін алуға диссертацияны қорғады. Жас ғалымға оның бірінші ұстазы, ҚР ҒҰА корреспондент-мүшесі А.Ш.Шарифканов үлкен әсерін тигізді.

1977 -1979 жж.аралығында Қарағанды мемлекеттік университетте оқытушы, 1979 -1985 жж.- Қарағанды кооперативті институтта доцент және докторант, 1985 – 1996 жж.-ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі, ҚР БҒМ синтез және көмір химия институт директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1991 жылы докторлық диссертацияны қорғап, профессор атағына ие болды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып тағайындалды.

2003 жылы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болды.

1996 -1998 жж.аралығында — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемленкеттік университеттің бірінше проректоры болды.

1998 — 27.04.2006 аралығында – Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмір –химия Институт директор басшысы болып жұмыс істеді, сонымен қатар осы кезде Ресей-Қазақстан Қазіргі Гуманитарлық Университеттің бірінші проректоры болып тағайындалды.

2006 – 2008 жж.аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлееттік университетінің ректоры болып жұмыс істеді.

13.02.2008 ж.бастап – Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің ректоры.

600 аса ғылыми жұмыстардың, сонымен қатар 9 монография, 4 кітап, 2 оқулық, 35 авторлық куәлік мен патенттердің аворы болып келеді.

А.М.Ғазалиев ғылыми басшылығымен 7 докторлық және 40 кандидаттық жұмыс қорғалды.

Қарағанды қаласында ол табиғи және азоты бар заттар химиясының саласында ғылыми мектеп құрды.

2001-2003 жж.аралығында Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі ғылым, техника және білім саласында ҚР Мемлекеттік премия бойынша Комиссияның мүшесі болып табылады. Органикалық байланыстар электрохимиясының РҒА Ғылыми Кеңесінің (Мәскеу) мүшесі болды.

2000, 2006 және 2008 жылдары ғылым мен техникаға аса көрнекті үлес қосқан мамандар мен ғалымдардың Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. Ғылым мен білім дамуына еңбегі үшін А.М.Ғазалиев ҚР Президентінің Құрмет Мадақтамасы, Білім ждәне Ғылым Министрлігінің мадақтау қағазымен,»Қазақстан Республикасының Білім үздігі» кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының ғылым дамуына қосқан үлес үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдерімен, Ы.Алтынсарин атындағы кеуде белгісімен марапатталды.

Без рубрики