Экскурсия

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ЭКСКУРСИЯЛАР

Сіздерге мынадай ақпараттар ұсынылады: 

  1. Жоғары кәсіби білім беру бағдарламалары туралы (бакалавриат, мамандық алу, магистратура);
  2. Орта кәсіби білім беру мамандықтары туралы (Университеттің инновациялық технологиялар колледжі);
  3. Қарағанды техникалық университінде оқудың артықшылықтары туралы;
  4. Жоғарыоқу орнынан кейінгі білім туралы;
  5. 9-11-сынып оқушылары және орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған университеттің Кәсіби бейіндеу орталығының даярлық курстары жайлы;
  6. 2017/18 оқу жылына жоғары және орта кәсіби білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін қабылдау емтихандары туралы.

Сіздер университеттің Қабылдау комиссиясының, Кәсіби бейіндеу орталығының өкілдеріне өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыздар. Сондай-ақ мұнда алдын ала Даярлық курсына жазылып, сынақ тестілеулерге қатысу мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл тестілеу арқылы Сіз ҰБТ және КТА-ға қаншалықты дайын екендігіңізді анықтай аласыз.

Сіз мынадай ақпаратқа ие боласыз: 

  1. Неліктен ҚарМТУ Қазақстанның ең үздік ЖОО болып саналады?
  2. Студенттер неліктен өздері оқып жатқан білім ордасын сүйеді?
  3. Университеттегі студенттік өмір қалай ұйымдастырылған?
  4. Түлектер үшін біз қандай мүмкіндіктер ұсынамыз?
  5. Оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
  6. Университетте білім ала отырып, қосымша немен шұғылдануға болады?

 

ҚарМТУ мұражайына экскурсия

Мұражай 1987 жылы ҚарПТИ-ның 35-жылдығы және Ұлы Октябрь Социалистік Революциясының 70-жылдығына орай ашылған. Мұражай экзпозициясы университеттің 1953 жылдан бастап, бүгінге дейінгі тарихының шежіресін баяндайды. Тарихи мұражай құжаттары университтеттің дәстүрлерін, ұрпақтан ұрпаққа жалғастығын, студенттер мен оқытушылардың білім ордасының қоғамдық өміріне қатысуын көрсетеді.

 

Кітапхананың электронды оқу залына экскурсия

Бұл Орталық Қазақстанның ең ірі кітапханаларының бірі болып табылады. Оқу залдары мен абонементтер, түрлі кітап топтамалары және жинақтары, ақпараттық мәліметтер кітапханаға деген студенттер мен оқытушылардың ғана емес, қала және өңіріміздің интеллигенциясының қызығушылығын тудыруда.

ҚарМТУ «КОРМС» ИБСЗ-на экскурсия

Мұнда сіздер халықаралық стандарттар бойынша зерттеулер өткізуге, ғылым қауымдастық және индустрия өкілдерімен тығыз  әріптестікті дамытуға арналған  Инженерлік бағыттағы сынақ зертханасының жұмысымен танысасыздар.

№1 ЖМО экскурсия

2011 жылдың қараша айында ашылған ҚарМТУ-дың Жұмысшы мамандықтар орталығы «Машина жасау» және «Кәсіби білім беру» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттердің өндірістік шарттарға ұқсас жағдайларда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріп, металл өңдеудің заманауи инновациялық технологияларымен танысуға ықпал етеді.

 On-line өтінім

Экскурсияға өтінім

Байланыс ақпараттары және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне бару сызбасы

ҚР Тұңғыш Президентінің ЖОО – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. 100027, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56.

Барлық сұрақтар бойынша Кәсіби бейіндік орталығына хабарласыңыздар: (call — орталық) тел.: 8 (7212) 56-17-98; 56-78-38; 56-44-22

Жұмыс уақыты: дс. — жм. 08.30 — 17.30 (үзіліс 12:30 – 13:30 дейін)

Жұмыстан тыс уақытта электронды пошта арқылы сұрақ қоя аласыз,

е-mail: kargtu_cmdo@mail.ru

Немесе сайттағы форма арқылы  СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн өтінім