ҚарМТУ-да Білім күні

  2018 жылы 1 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. 

Міне 65 жылдан бері бүгінгі күні мыңдаған талапкерлер үшін осы мереке ҚарМТУ қабырғасында қызыққа толы студенттер әлеміне есік ашып келеді.  Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша іс-шара ҚарМТУ-дың негізін қалаушы академик Ә.С. Сағыновтың ескерткішінің етегіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Осыдан кейін бірінші курс білім алушыларына университет ректоры Марат Кеңесұлы Ибатов саланатты түрде сөз сөйледі. Онда ол ҚарМТУ-дың отандық жоғары оқу орны саласындағы жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ біздің университетіміздің түлектерінің шетелде де талап етілетінін атап өтті. Әсіресе Марат Кеңесұлы жас мамандардың жаңа заманғы кәсіптік реалийге жылдам және сапалы кірісуге ұдайы дайын болу қажеттілігін және тіптен күтпеген техникалық беталыстарға бейімделу шеберлігі қажеттілігін нұсқады.

Ректор сөз сөйлеген соң бірінші курстағыларға политех тарихы мен естелігін құрайтын Елбасының курстастары мен әріптестері, қала әкімшілігінің, ҚарМТУ базасында қызмет ететін «Корпоративті Университет» инновациялық-білім беру консорциумының кәсіпорындары өкілдері сөз сөйледі.

Бірінші курстағылар оқудың бірінші аптасы бойы оқу материалдарының толық кешенін алады, олар ҚарМТУ-дың инновациялық- білім беру ортасына сәтті бейімделуіне көмектеседі.

Жиналған көрермендердің назарына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы мен «Жас орда» студенттердің кәсіподақ күштерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрсетілді.

Концерттен соң бірінші курс студенттері өз кураторларының жетекшілігімен алғашқы кураторлық сағатқа қатысып, сол жерде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты.

Биылғы жылы ҚарМТУ 4 мыңнан астам талапкер қабылдады. Солардың ішінде «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегерлеріне айналған Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары мектептерінің 96 түлегі де бар. Өткен 2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда, мемлекеттік қаржыландыру есебінен білім алып жатқан студенттер саны арта түсті – 1143 грант иегері. Талапкерлер арасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мұндай маңыздылығы кездейсоқ емес. Республикамыздың 135 ЖОО арасында алынған білім беру гранттарының саны бойынша ҚарМТУ 8-орынды иеленді. Ал биыл ҚарМТУ QS World University Ranking – университеттердің ең беделді әлемдік рейтингінің ТОР «751+» қатарына енді. Онда 84 елдің 950 университеті қатысты. QS рейтингі – ЖОО ең әйгілі әлемдік рейтингтерінің бірі. Құру кезінде бірқатар параметрлер ескеріледі, олардың әрқайсысы 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Университеттің академиялық беделіне, оқытушылар мен білім алушылардың қарым-қатынасына, дәйектілікке, шетел оқытушыларының және студенттерінің болуына көңіл аударылады.

Бұл рейтингке Қазақстанның 120 ЖОО арасынан барлығы 8 ЖОО енді.

Қазіргі бірінші курс студенттері ҚарМТУ-дың қол жеткізген жоғары нәтижелерін қолдап қана қоймай, университетінің болашақ жетістіктеріне өз үлестерін қоса алады деп кәміл сенуге болады.

Без рубрики