БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылдың 22-23 маусымы күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (дәстүрлі №9 Сағынов оқулары) өтеді.
Конференцияға ҚР БҒМ, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, Корпоративтік университет ұйымдарының басшылары және алыс және жақын шет елдердің көрнекті ғалымдары қатысады.
Пленарлық отырыста ҚарМТУ ректоры проф. М.К. Ибатов, ҚР Президентінің істерін басқару кеңесшісі М.М. Рыспаев, Қазақстандағы Vinci француз құрылыс компаниясының өкілі Т. Джабуа, «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ директоры Е.В. Ромащин, «Шұбаркөл Көмір» АҚ президенті К.Р. Усманов, «Компания Абсолют Казахстан» ЖШС директоры А.В. Борисенко, «Nova Цинк» ЖШС бас директоры С.Ю. Асан, ТМУ ҒИ (Ресей) профессоры А.А. Бакибаев, Вена технологиялық университетінің профессоры Б. Каталинич, Колорадо мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Taryn ƯHalie, Energy System LLP ЖШС бас директоры Д.Каюмов және Қазақстан мен шетелдік өндірістік ұйымдар мен ғылыми орталықтарының жетекшілері баяндама жасайды.
Пленарлық мәжілістен кейін университет ғалымдарының жетекшілігімен ауқымды әрі кең тақырыптарды қамтыған конференция секцияларының жұмысы басталады.
23-24 маусымда өтетін секциялық отырыстардың тақырыптары:
1. XXI ғасыр білімі;
2. Болашақ энергетикасы –ЭКСПО-2017 инновациялық тренді;
3. IT- және Smart технологиялар;
4. Тау-кен салаларын дамыту мәселелері және перспективалары;
5. Машина жасаудағы ресурс үнемдеу технологиялары;
6. Металлургиядағы инновациялар;
7. Жаңа материалдар және технологиялар;
8. Сәулет, құрылыс материалдары және технологиялар;
9. Көлік және логистика;
10. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы;
11. Кәсіпкерлік, қоғамның инновациялық дамуы ретінде;
12. Химия-биологиялық ғылымдар;
13. Жертану;
Конференцияға Қазақстанның ғылым, білім беру және өндірістік ұйымдарынан, алыс және жақын шет елдерден (127 ұйымнан) жалпы саны 570 баяндама келіп түсті.

Өткізілу орны және уақыты: 22-23 маусым 2017 ж. сағ.:10.00, КарМТУ, Бас корпус, (акт залы 3-қабат), Бейбітшілік бульвары, 56 үй.

______________________________________________________________________
Ақпарат. Сағынов Әбілқас Сағынұлы – көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Жаратылыстану Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты. 1958 — 1991 жылдары Қарағанды политехникалық институтының ректоры қызметін атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Әбілқас Сағынов пайдалы қазбалар орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Әбілқас Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, тағы басқа бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалған.

Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті
Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56
Тел./факс: 56-24-10
E-mail gazeta.kstu@ma
Ақпараттық хабарлама
www.kstu.kz
20 маусым 2017 ж

Без рубрики