Пайдалы қазбаларды байыту

 5В073700 — «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында мамандарды дайындаудың  үш мамандандырылған   бағытын ұсынады: 

1.     Түсті металл кендерін байыту технологиясы 

2.     Қара металл кендерін байыту технологиясы

3.     Көмірді байыту технологиясы

 5В073700 — «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы байыту фабрикаларында, жоба және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар мамандарды дайындауға арналған.

     Бiтiрушiнiң кәсiби қызметiнiң облыстары болып табылады: негiзгi және көмекші жабдықтарды жобалау және пайдалану, пайдалы қазбаларды кешенді байыту, байытудың технологиялық есебі есептеу және сызба таңдау, зерттеу жұмысы, пайдалы қазбаларды байыту технологиясын және техникасын жетілдіру.

      Бітіргеннен кейін        5В073700 — «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының түлектері түсті, қара және көмір кәсіпорындарында, жоба және ғылыми-зерттеу институттарында, жоғарғы және орта техникалық оқу орындарында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.  

     Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушіге техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

    Бітіруші магистартурада оқуға дайын.

Қарағанды өңірі тек пайдалы қазбалардың үлкен қорымен ғана шектелмеген, ол сондай-ақ пайдалы қазбаларды байыту областында кәсіпорында және ғылыми – зерттеу практикасында үлкен  тәжірибиесі, білімі бар ғылыми-техникалық мамандардың кең спекторымен қамтылған.  

       Байытудың технологиялық үрдісін бақылау үшін бақыланатын параметрлері, оның мағынасы, бақылау немесе  өлшеудің жиілігі, әдісі көрсетілген әрбір бөлімше мен бөлімнің белгіленген тәртіппен ереже картасы шығарылып, бекітіледі.

       Пайдалы қазбаларды кешенді қолдануға және қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

Төртінші пән: ХИМИЯ

 Профильді пән: ХИМИЯ

 

Без рубрики