Ашық деректер негізінде қосымшаларды жасап шығару бойынша байқау

ашык«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) «Ашық үкімет» жобасын жүзеге асырып келеді, оның мақсаты есеп беретін ашық үкімет қүру, мемлекетті басқаруда азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлықпен күресті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік ба
сқарудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану. «Ашық үкімет» құрауыштарының бірі — мемлекеттік органдардың деректері машина оқи алатын форматта жарияланған ашық деректер порталы.
data.egov.kz порталында әр адам бұл деректерді қарап, сараптама жасай алады, өндеп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіп, деректерді өз жұмысына пайдалана алады. Ал багдарлама әзірлеушілері олардың негізінде кейін сата алатын пайдалы қосымшалар мен сервистерді қүрастыра алады.
data.egov.kz порталын танымалдандыру, сондай-ақ деректер жинагына қызыгушылықты арттыру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ағымдағы жылғы 19 мамырдан бастап мобильдік қосымша жасап шығаруга байқау жариялады.
Конкурстың шарттары қосымшада, сондай-ақ data.egov.kz Ашық деректер порталының «Конкурстар» бөлімінде байқау шарттарымен танысуга болады.

 Қосымша