ҚарМТУ ректорының V Балы

2017 жылдың 5 мамыры күні сағ.: 19:00-де  Қарағанды қ. «Arista»  ресторанында ҚарМТУ ректорының V Балы өтеді. 

Осымен бесінші рет қатарынан өткізіліп отырған Ректор балы биылғы жылы «Алаш» қозғалысының 100-жылдығы және ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы және ҚР Қарулы күштерінің құрылғанын 25 жыл толуына арналған.

Бұл іс-шара болашақ инженер мамандардың бойында еліне деген патриоттық сезімді  тәрбиелеу, оларды шығармашылық пен мәдениетке баулу, эстетикалық танымын кеңейтіп, өзара игі қарым-қатынас жасауға үйрету  мақсатында 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Оны өткізу идеясы техникалық университеттің белсенді студент жастарына тиесілі.

ҚарМТУ студенттерінің осы бастамасы біздің қаламызда 2015 жылдан бері Жастар қайырымдылық балының, ал 2016 жылдан бастап, ҚММУ ректоры балының өткізілуіне негіз болған.

Биылғы Ректор балына әдеттегі дәстүрге сай оқуда да, ғылымда да және қоғамдық қызметте де озат болған 100 үздік студенттік жұп қатыспақ. Бағдарлама бойынша студенттер қонақтармен әрі жұп болып, 5 түрлі  классикалық би билейді, шығармашылық нөмірлерін көрсетеді.  Салтанатты рәсімнің қонақтары – облыс әкімшілігі, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері, студенттердің ата-аналары және білім ордамыздың қызметкерлері.

Кеш жүргізушілері – қаламыздың танымал өнер иелері Әкім Думан және Нұргүл Умиртаева.

Салтанатты шара соңында «Король және Королева» сайысында жеңіп шыққан жұп анықталып, олар демеушілер тарапынан ұсынылған сыйлықтарға ие болады.

Без рубрики