ҚарМТУ RankPro® 2017/18 халықаралық университеттердің кәсіби рейтингі бойынша топ-600 ЖОО-ның қатарына енді


Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті  университетов Worldwide Professional University Rankings RankPro 2017/2018  рейтингі бойынша әлем бойынша  577, ал Қазақстан бойынша  2 орынға ие болды.
Айта кету керек, бұл рейтинг тізіміне отандық ЖОО –ның ішінен үш оқу орны кірген. Рейтинг Халықаралық  ғалымдар кеңесі тарапынан Global World Communicator бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Университеттердің әлемдік кәсіби рейтингі жоғары білікті мамандары – университет профессорлары және төмендегі үш бағыт бойынша анаықталады:

  1. Академиялық сараптама. Мұнда студенттер саны, және ЖОО-ның ғылыми-оқытушылық құрамы есепке алынады.
  2.  ВС-индексі бойынша сараптама (BC Index) – ЖОО-ның ресми сайтында ағылшын тіліндегі ақпараттың  қолжетімділігі. ЖОО жайлы жалпы ақпарат, академиялық ақпарат, байланыс мүмкіндіктері  ескеріледі.
  3. Мәртебесі бойынша сараптама –  ЖОО-ның әлемдік, ұлттық рейтингтердегі алатын орны және Халықаралық  ғалымдар кеңесі тарапынан жүргізілген эксперттік сауалнама нәтижелері  есептеледі.
Без рубрики