ҚарТУ Халықаралық Қамқоршылық кеңесі


ҚАРТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің қамқоршылық кеңесі 2008 жылдың сәуір айында құрылды. 2011 жылдың қазан айында ол халықаралық болып аталды: құрамының 50% — ұлт аралық корпорациялар мен алдыңғы қатарлы университеттердің өкілдері, Ресей, Еуроодақ, АҚШ, Канада және Қытай мемлекеттерінің қоғам қайраткерлері. Ал 40% -Корпоративті Университет кәсіпорындарының бірінші басқарушылары болып табылады. Халықаралық қамқоршылық кеңесінің төрағасы- екі Ленин орденінің иегері және Совет үкіметінің Мемлекеттік премияларының лауреаты, еңбегі сіңген кенші, профессор Дрижд Н.А.
Корпоративті Университеттің мықты әлуетін пайдаланып, кеңес Университетте бар материалдық-техникалық білім, ғылым және инновациялық процестер инфрақұрылымын жаңарту мен жаңа түрлерін құруға белсенді ат салысады. «ERSAI» Қазақстан- Итальян компаниясы ҚарМТУ-ға тегін түрде 10 млн. теңге шамасындағы әлемдік өндірушілердің заманауи пісіру жабдықтарының кешенін берді. «TOTAL» Француз компаниясы ҚарМТУ-дың Қазақстандық пісіру институтына «Әлемдік пісіру институты» беделді клубының мүшесі болуға көмектесті. «СИНЕРГИЯ» халықаралық жобаны жүзеге асыру мақсатында Мәскеу энергетикалық институты ҚарМТУ-ға «FESTO» австриялық фирмасының оқу жабдығы мен мультимедиялық кешенін ұсынды. «EPAM SYSTEMS» компаниясы компьютерлік сыныппен жабдықтап, заманауи RD-лабораториялар жағдайларында мамандарды дайындау үшін лицензиялық бағдарламаларын берді.
ЖШС «Қазақмыс» Корпорациясынан 2011 жылы ҚарМТУ-ға 253 мамандарды, олардың ішінде 20 магистранттарды даярлауға мақсатты тапсырыс берді. Олардың оқуларына кәсіпорындардың өздері төлейді. ЖШС «Алтынтау Көкшетау» Университетте 20 мамандардың даярлауына төлейді.

Кәсіпорындарының мамандары мемлекеттік білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларын жасауға, практикаларды өткізуге, профилді тақырыптар бойынша дипломдық жобаларды қорғауға, кафедралар филиалдарының жұмысын ұйымдастыруға, зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бизнес-бірлестігі мен аймақ жұртшылығымен жүйелі жұмыс істеу нәтижесінде ҚарМТУ түлектерінің жүмысқа орналасуы соңғы 3 жылда 94-97%-ға жетті.
Халықаралық қамқоршылық кеңесі жастарды патриоттық және салауатты өмір салты рухында тәбиелеуге үлкен назар аударады. Көнекті қоғам қайраткерлері- сенатор Есим Г., ҚР Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаттары Ферхо С.И. және Бурханов К.Н. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев үлгісіндегі жастарды патриоттық тәрбиелеу Моделінің серіктес авторлары болып табылады. Бұл модель ҚарМТУ-да апробацияны сәтті өтіп, ҚР БҒМ арқылы елдің білім беру мекемелеріне еңгізілуіне ұсынылған.
Академик А.С.Сағыновқа ескерткіш құруға 20 млн. теңге шамасында қаражат жинау ұйымдастырылған, жыл сайын жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан студенттерге және талантты жастарға арналған 30 атаулы стипендиялары құрылды, соғыс және еңбек ардагерлеріне үздіксіз көмек көрсетіледі.
Өазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Ли Чжи белсенді жәрдемдесуі арқасында ҚарМТУ-да Конфуций Институты құрылды. Онда студенттер мен оқытушылар қытай тілі мен мәдениетінің негіздерімен танысады.
РХДУ Профессоы Алиев С.Б. магистранттардың академиялық мобилділігін жүзеге асыруға көмектеседі және Тау-кен институтының қайта өркендеу Бағдарламасын құруға, оның ішінде Ресейдің оқу және ғылым мекемелерімен жаңа халықаралық қатынастарды құру бөлімінде ат салысты.
Осылайша, Халықаралық қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің жемісті қызметі ақылы Университеттің инновациялық даму бойынша көптеген стратегиялық маңызды тапсырмаларды шешу мүмкін болды:
— Спонсорлық көмек негізінде және оның ғылым, өндіріс және оқу базасы, ақпараттық-білім беру жағдайының шығармашылық ынтымақтастық бойынша шарттарының шеңберінде жетілдіруі;
— Білім беру бағдарламаларының сапасын көтеру, әлеуметтік жобалар шеңберінде жұмыс берушілердің тікелей қатысуы арқасында заманауи жабдықтарда студенттердің жұмыс мамандықтарына оқытуы мен кәсіби практикаларын ұйымдастыру;
— Дүние жүзінің алдыңғы қатарлы университеттерімен қарым-қатынасын және инженерлік білім берудің ең жақсы дәстүрлерін сақтау негізінде жаңа типті мамандарды тәрбиелеу үшін Университеттің инновациялық ортасын құру.

ҚАРМТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Без рубрики