ҚарМТУ Арыс балаларына деген сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен


Арыс қаласындағы трагедия бүкіл Қазақстанды дүрліктірді. Еліміздегі алғашқы оқу орындарының ішіндегі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері оқ-дәрілердің жарылуы кезінде зардап шеккен қала тұрғындарына материалдық көмек көрсету үшін бір күндік жалақыны арнайы ашылған шотқа жедел аударды.

Арыста үйлерді қалпына келтіріп жатқан кезде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, балаларға демалуға және денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта университет, Түркістан облысы Арыс қаласының балалары мен оларды алып жүретін мұғалімдеріне жазғы демалысты жемісті, әрі толық демалуы үшін Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің көркем бұрышында орналасқан, «Политехник» сауықтыру орталығында 15 күнге созылатын жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырды.

ҚарМТУ ректоры, балалардың және оларды алып жүрушілердің келуі жоғары деңгейде ұйымдастырылды: «ҚТЖ» АҚ келісімімен қосымша вагон алынды, аппарат жетекшісі Мусина Г.Н. Арыс қаласына барып, балалардың жолда тамақтануын ұйымдастырды. Балаларды Қарағанды қаласына келген күні, теміржол вокзалында қадірлі қонақтар ретінде қарсы алып, университетке қысқа экскурсияға жасауға алып келді. Затем на комфортабельном автобусе в сопровождении дорожной полиции дети были доставлены в спортивно – оздоровительный лагерь КарГТУ «Политехник». Содан кейін, жол полициясының сүйемелдеуімен балаларды жайлы автобуста,  ҚарМТУ «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне апарды. Лагерьде алғашқы күні балалар жоғары санатты дәрігермен кеңесіп, толық медициналық тексеруден өтіп, ҚарМТУ денсаулық орталығының бас дәрігері Султанов М.А., жарылыстардан зардап шеккен көптеген балалар, тиісті емдеу, физиотерапия жаттығуларын тағайындады.

Ұйымдастырушылар оқу-дамытушылық ойындар, тренингтер, спорттық жарыстар мен серуендеу саяхаттарынан тұратын қызықты әрі ауқымды бағдарлама дайындады; балалардың толыққанды, сапалы тамақтануы ұйымдастырылды, жайлы өмір сүру жағдайлары жасалды.

Мәдени бағдарламадағы экскурсияларға: Қарқаралы қаласындағы ұлттық табиғи саябағының қызықты жерлеріне және бай тарихы бар, Абай Құнанбаев тұрған үйге, Құнанбай қажы мешітіне, Табиғат мұражайына, Мәди Бапиұла ескерткішіне, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайына бару көзделген.

Жазғы лагерьде болған уақыт ішінде, Университеттің жастар саясаты бөлімінің өкілдері мен кеңесшілері, «Жас Орда» ҚарМТУ жастар бірлестігінің, студенттер белсенділері (Бузяков Р., Таубебаева А., Смаилов И., Шапенова З., Баграмова А., Төлебаев Ж. және т.б.), жазғы лагерьде өткізген уақыт Арыс балаларына ұмытылмас болуы үшін әрқайсысы өз жанының бөлігін салды.

6 жастан 14 жасқа дейінгі, әр оқушыға естелік сыйлықтар (киім жиынтығы, футболка, кроссовкалар және т.б.) тапсырылды, бұл балаларға ерекше қуаныш пен ризашылық тудырды. Балаларды ертіп жүрген жауапты мұғалімдер ҚарМТУ логотипі бар естелік сыйлықтар, кәдесыйлар жене жарнамалық өнімдер жиынтығын  (буклеттер, бейсбол қалпақтары, қаламдар, дәптерлер) алды.

Жазғы лагерьде болғаннан кейін барлық қатысушылар университетке жайлы автобуспен келді, онда оларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мұражайына, ҚарМТУ тарихы мұражайында, инновациялық жобалар көрмесінде, «Армандастар Ордасы» тұрғын үй кешенінде, «Жастар әлемі» жастар сарайында экскурсия ұйымдастырылды.

Кетер алдында балаларды алып жүретін жауапты мұғалімдер және балалар, өз әсерлерімен шын жүректен бөлісті, Арыс қаласындағы балалар мен ата-аналар атынан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов А.К., Қарағанды облысының әкімі  Қошанов Е.Ж., ҚарМТУ ректоры Ибатов М.К., жазғы лагерьді жақсы ұйымдастырғаны үшін университеттің барлық қызметкерлеріне үлкен ризашылығы мен алғысын білдірді.


Без рубрики