Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті облыс ЖОО-ның студенттерін бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады


2018 жылдың 18 мамыры күні Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті   Қарағанды облысы және қаласы ЖОО-ның 1-4 курсында оқитын барлық студенттерді  бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты

— студенттердің бағдарламалау саласына деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту;

 

 

— дарынды студенттерді қолдап, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау;

— студенттердің бос уақытын интеллектуалды ортада өткізуге мүмкіндік жасау.

Олимпиаданың кезеңдері:

I кезең  – Қатысушыларды тіркеу.

 

Қатысушыларды тіркеу 2018 ж. 4 мамырынан 15 мамырына дейін өтеді. Өтінімдер төмендегі талаптарға сай MS Excel, MS Word құжаттарында itb_kargtu@kstu.kz электронды поштасына жіберіледі. 15 мамыдан кейін өтінім қабылданбайды.

 

1. Олимпиада қатысушының ТАӘ (толық)
2. Оқыту тілі
3. Қала, аудан
4. Оқу орны (ЖОО-ның атауы)
5. Мамандығы, курс
6. Ұялы телефоны
7. Электронды  пошта (e-mail)

II кезең – Тікелеу қатысу.

Өткізілу орны: Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті , Бейбітшілік бульвары 56, бас корпус, 424 б аудитория.

Ең көп ұпай жинаған қатысушы олимпиаданың  жеңімпазы болады.

Өткізілу мерзімі:

2018 ж. 18 мамыр,   14.00 – 16.00 сағ. дейін.  – Тікелеу қатысу кезеңі өтеді.

2018 ж. 18 мамыры сағ.: 14.00  – жеңімпаздарды марапаттау.

 

Без рубрики