«Алтын Гефест» кәсіби байқауы өтініштерді қабылдауды бастады

Қазақстанның тау-кен ісі мен металлургиясында ең үздік атағына үміткер тау-кен өнеркәсіп кешенінің қызметкерлері мен компаниялары үшін, сонымен қатар, жобалау, ғылыми, оқыту орындарының және кәсіпорындарының мамандары үшін жыл сайынғы салалық ұлттық марапаттауға 2017 жылға өтінімдерді қабылдау басталды.

Теңі жоқ жалғыз «Алтын Гефест» кәсіби байқауы Astana Mining & Metallurgy Конгрессінің аясында жүргізіледі. Байқау мамандардың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың кәсіби дағдыларын тұрақты дамытуға ынталандыруға бағытталған.

Жыл сайын 100 аса үміткерлер «Алтын Гефест» конкурсына қатысады. Марапаттау келесі номинациялар бойынша өтеді:

  1. Жылдың кәсіби маманы:
  • Жыл геологы
  • Жылдың тау-кеншісі
  • Жылдың металлургы
  1. Жыл жобасы
  2. Инновациялар жылдың үздігі
  3. Қазақстандық құрам бойынша көшбасшысы
  4. Жылдың ғалым-оқытушысы
  5. Жылдың дипломдық жұмысы
  6. Жылдың медиа жобасы:
  • Ғаламтор ресурстарындағы және басылымдардағы ТМК туралы үздік журналисттік жұмыс
  • ТД ТМК туралы үздік журналисттік жұмыс
  • ТМК Жыл адамы туралы үздік журналисттік материал (арнайы марапаттау)
  1. Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім (Марапаттаудың басты серіктесі – «ERG» арнайы номинация)

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы 12 номинация бойынша 168 өтінім қарастырылды. Жыл сайын конкурсқа көптеген мамандар қатысады, олар әділ қазылардың бағасы арқылы өтеді, және тек лайықтылары ғана жыл сайынғы «Алтын Гефест» марапатының құрмет пен сыйына ие болады. 2017 жылы қатысушылардың ақпаратын жинаудың жаңа үлгісі әзірленді. 2017 жылдан бастап қатысушылар одан әрі бағалау үшін өздерінің еңбектері мен сыйларын өздері толтыра алады. Бұл өңдеу кезінде мәліметтерді жүйелеуге мүмкіндік береді және бір де бір сыйлық, қатысушылардың өмірбаянындағы, жобалау көрсеткіштеріндегі еңбектері назардан тыс қалмайды.

Жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылдың 25 мамырында «Алтын Гефест» байқауының гала-қабылдауында өтеді. Әділ қазылар құрамында тау-кен өнеркәсіп индустриясының мамандары, сонымен қатар мемлекеттің ресми тұлғалары болады. Жеңімпаздар Алтын Гефесттің сыйлы мүсіндерімен марапатталатын болады, сонымен қатар, кейбір номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтар көзделген. Айта кететін жай, осы байқау БАҚ, сонымен қатар, кәсіби ұйымдардың тарапынан кең ақпараттық қолдауға ие болады.

Тілек білдірушілер өздерінің өтінімдерін Astana Mining & Metallurgy Конгрессінің ресми сайтына жібере алады — http://amm.kz/ru/konkurs-zolotoj-gefest/zayavki-na-uchastie. Байқауға қатысу тегін.

http://amm.kz/

Буклет

Ақпараттық хат

Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінен алыңыз. (Бас корпус, 226 каб.,  тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)