Акция


2019 жылдың 3 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында Біздің елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы «Жүректен Жүрекке» — «От сердца к сердцу» ұранымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы мектеп оқушыларына көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Дәстүрлі түрде ҚарМТУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері осы акцияларды өткізуге белсенді қатысады.

2013 жылдың 29 тамызында ҚарМТУ конференц-залында біздің университетімізден қаламыздың ата-аналары мен оқушыларына – кеңсе тауарлары, киім-кешек және аяқ-киім жиынтығы (олардың өтінімдері бойынша) қайырымдылық көмек табыс етілді.

ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Ибатов Марат Кеңесұлы «ҚарМТУ ұжымы» әрдайым қайырымдылық іс-шаралар мен акцияларға белсене қатысатынын атап өтті.

Жақында ғана университет ағымдағы жылдың маусым айында оқ-дәрінің жарылуынан зардап шеккен Арыс қаласының балаларын қолдауға белсене қатысты. Қарқаралы қаласындағы «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінде 6 жастан 14 жасқа дейінгі 30 оқушының жайлы және қауіпсіз демалысы үшін барлық жағдайлар жасалды. Сондай-ақ оларға кеңсе тауарлары, киім-кешек және аяқ киім жиынтығы берілді. Бүгін біз балаларды, олардың ата-аналарын қолдау және оқу жылына жақсы дайындалуға мүмкіндік беру үшін шақырдық.

Іс-шараға университеттің барлық факультеттерінің декандары, «Жас Орда» ҚарМТУ жастар бірлестігінің студент-белсенділері қатысып, балалар мен ата-аналарға жылы лебіздерін жеткізді.

Акция естелік ретінде жалпы фотоға түсумен аяқталды.

Без рубрики