2019 жылдың 29 наурызында ҚарМТУ «Жастар әлемі» сарайында Жалпы халықтық Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты аясында «Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?»


 

2019 жылдың 29 наурызында сағат 13 – 00 де Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Жастар әлемі» сарайында Жалпы халықтық Болашаққа бағдар  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты аясында «Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?» атты ҚарМТУ-дың «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен әнші-домбырашы, күйші, термешілердің   мәдени іс – шарасы өтті.

Іс – шараның мақсаты –     Ұлттық мәдениеттті қайта жаңғырту идеясының маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраны жзастар арасында насихаттап, дәріптеу.

Мәдени іс –шараның ашылуы  Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында бұқараны жырмен сусындатқан сайыс Сәкен Сейфуллиннің,  Қаныш Сәтбаевтың мерейлі мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысында жүлделі орындарға ие болған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің айтыскер жас ақындарын марапаттаудан басталды.

Бас бәйгені иеленген —  Оспанов Бекарыс

Бірінші орынға ие болған – Бейсенбеков Сырым

Жүлделі үшінші орын иегері —  Ботбай Доскей

 

Мәдени іс – шараның беташарын екі рет қатарынан облыстық ақындар айтысында топ бастап бас жүлделерге ие болған айтыскер ақын Оспанов Бекарыс  арнау жырмен бастады.

Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң — тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге болама,

Тілден анық үн барда?

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда – деп, ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, университеттің  «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы жанынан құрылған « Ұлттық тәрбие тағылымы» мәдени этнографиялық ғылыми зерттеу үйірмесінің белді  мүшелері, өнерлі студенттері — Бақытжанов Рахымжан Тәттімбет Қазанғапұлының «Саржайлау» күйін орындап көпшілікті тәнтті етсе,

Айтыскер ақын,  домбырашы,  термеші  Ботбай Доскей Майлықожаның термесін тамылжыта орындады.

Молдақаш Шыңғыс халық әні «Көзімнің мөлдірін ай»,

Қобланды Аслан Дина Нұрпейісованың күйі «Науаи», Керімқұлова Алтынай халық әндерін нақышына келтіріп орындады.

Алдоңоғаров Ербол ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, «Соңғы раушан», «Сүйесің, жүрек, сүйесің» «Бекзат»,  жыр жинақтарының авторы Мирас Асанның «Домбыра» атты  поэма-панорамасынан  үзінді оқыды.

 Аталған мәдени іс – шарада  «Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті Макашев Байжума, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының профессоры Аубакиров Нұрлыбек, «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Жанзаков Каржаубай халық әндерін тамылжыта орындап көпшілік ықыласына бөленді.

 

 

Без рубрики