«Ғасыр тарихы» зерттеу жобаларының облыстық конкурсы өтті


Ғасыр тарихы!

2020 жылдың 21 қаңтарында Көлік-технологиялық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында теміржол мамандықтары бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) колледждер арасында «Ғасыр тарихы» зерттеу жобаларының облыстық конкурсы өтті.

Байқау теміржол мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері арасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты – орындалған жұмыстарды көрсету арқылы колледж студенттерінің шығармашылық қабілеттерін анықтау.

ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері «Темір жол көлігінің даму тарихы» бағыты бойынша қатысып, «Қарағанды жол бөлімшесінің құрылу тарихы» тақырыбына екі жобаны ұсынды (КОПЖТ тобының 2 курс студенті Касенова Дильназ, жоба жетекшісі-арнайы пән оқытушысы Махашева Инкар Сакеновна, «Қазақстан темір жол көлігінің даму тарихы»  (КОПЖТ-9/16-2 тобының 4 курс студенттері Федулов Геннадий, Аубакиров Алдияр, Омаров Асылхан, жоба жетекшісі — арнайы пән оқытушысы Сарсенбеков Бауыржан Кобланович).

15 ұсынылған жеті жобаның ішінде ҚарМТУ  Инновациялық технологиялар колледжінің II орынға ие болды!

 

Без рубрики