ГД-16-1 және ГПР-16-2 топтарының Профессор Камаров Р.К. 70 жылдығына орай кураторлық сағаттың дөңгелек үстелі

Өткізілу орны: ғимарат 2, 302 ауд.

Ұзақтығы: 12.05 — 12.55

Кураторлық сағаттың мақсаты:

Тәрбиелік — Мәңгілік Ел идеясының негізінде азаматтардың ортақ құндылықтарын қалыптастыруға жәрдемдесу — азаматтық теңдік, еңбекқорлық, адалдық, стипендия мен білім беру табыну.

Оқу — студенттердің өз мамандығын дамыту перспективаларына деген сенімін қалыптастыру, мемлекет үшін оның маңыздылығын түсіну, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.

Дамыту — кафедра оқытушыларының мысалында адамның рухани-адамгершілік, азаматтық және патриоттық қасиеттерін дамыту.

Кураторлық сағаттың міндеттері:

ПКҚӨ кафедрасының профессоры Қамаров Р.Қ. 70-жас мерейтойына арналған дөңгелек үстел.

Материалдық-техникалық жабдықтау: дөңгелек үстел тақырыбы бойынша стенд түрінде презентация.

Жүргізу түрі: Баяндамалар

 

Дөңгелек үстел сценариі:

ПКҚӨ кафедрасының профессоры Қамаров Р.Қ. 70-жас мерейтойына арналған дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстел қонақтары Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тұңғышбаева А.Т., Исабек Т.К., Усембеков М.С., Баизбаев М.Б., Жумабеков М.Н., Айдарова М.А., НИИ ПВ методисты Ботабек А.А., ПКҚӨ кафедрасының меңгерушісі Имашев А.Ж. сонымен қатар ГПР-16-2 және ГД-16-1 топтарының студенттері, НД-17-2 тобының студенті Абдрахманова М.

Топ кураторы Айтпаева А.Р.: кураторлық сағаттың тақырыбын атап өтті: ПКҚӨ кафедрасының профессоры Қамаров Р.Қ. 70-жас мерейтойына арналған дөңгелек үстел. Келесі сөз кезегі дөңгелек үстел жүргізушілеріне берілді.

Тақырып бойынша Әбуза Арайлым сөз сөйледі ПКҚӨ кафедрасының профессоры Қамаров Р.Қ. 1949 жылдың 14 наурызында Семей облысы Аякөз қаласының жұмысшылар жанұясында туды. 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтының «Жерасты ғимараттары мен шақтылардың құрылысы» мамандығын бітіріп оған «тау-кен инженері – құрылысшысы» біліктілігі меншіктеленді. В 1980 — 1984 жж. ҚарПТИ сырттайғы аспирантурасында машықтанды. 1976 жылдан – лаборатория меңгерушісі, 1982 жылдан – аға ғылыми зерттеуші, 1990 жылдан – оқытушы, 1992 жылдан – аға оқытушы, 1998 жылдан – доцент, 2010 жылдан осы күнге дейін – А.С. Сағынов атындағы «Пайдалы кен орындарын жерасты қазып өндіру» кафедрасының профессоры. 2010 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін — Біліктілікті жоғарылату институтының директоры.

270-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен инновациялық патенттердің, 12 ғылыми монографиялардың, ҚР Б ҒМ ұсынған 6 оқулықтардың, 20 оқулық құралдардың, 1 брошюраның және 14 электрондық оқулықтардың авторы.

Келесі төс белгілерімен марапталынды: «1986 жылдың өнертапқыштары мен рационализаторларының үздігі» (1987), «КСРО өнертапқышы» (екі рет – 1989, 1990), «2012 жылдың ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының және белгісінің иегері, ҚарМТУ «Ерең еңбегі үшін» (2013), ҚарМТУ «ҚарМТУ 60 жыл» (2013), «Шахтер даңқы»  III, II, I дәрежелерімен (2013, 2014, 2015), ҚарМТУ «Академик А.С. Сағыновқа 100 жыл» (2015), ҚР БҒМ «Ы. Алтынсаринның» (2016) және «Тау-кен ғылымының үздігі» Тау-кен ғылымы Ұлттық академиясының Құрмет белгісімен (2016), ҚР БҒМ грамоталарымен (2007, 2009), Қарағанды қ. ұлттық депутаттар кеңесінің  Ленин аудандық атқарушы төрағасының Құрмет грамотасымен (1987), ҚарМТУ ректорының грамоталарымен  (2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016). КСРО БӨРҚ Бүкілодақ премиясының лауреаты (1987).

Тақырып бойынша Худайбердиев Мейірім сөз сөйледі. 1992 жылдың 14 мамырында «Тазартпа және даярлық жұмыстарын жүргізу кезінде күкірт құрайтын газдармен күресудің тәсілдерін жете зерттеу (мысалы Қарағанды бассейніне қарасты шақтыларда)» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылдың 21 маусымында ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігі шешімімен «Пайдалы қазбаларды игеру» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2010 жылдың 2 наурызында ҚарМТУ Ғылыми кеңесінің шешімімен ҚарМТУ профессоры академиялық атағы берілді.

1994 — 1998 жж. және 2009 — 2010 жж. тау-кен факультеті деканының орынбасары. 1998 — 2003 жж. ҚарПТИ кәсіподақ комитетінің мекенжай комиссиясының төрағасы. 2003 ж. ҚР БҒМ ҰБТ және МАБ бойынша комиссия мүшесі.  2009 ж. осы күнге дейін — Қазақстан Республикасының білім жөнінде заңдамасын сақтауда және білім беру қызметін лицензияландыру ережелері мен мемлекеттік аттестациялауда ҚР БҒМ ЖОО тексеру бойынша комиссия мүшесі.  2010  ж. сәуір айынан осы күнге дейін — ҚарМТУ Ғылыми кеңесінің мүшесі. 2014 ж. ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқулықтарына сараптама жүргізу бойынша мүшесі. 2016 ж. ҚарМТУ ТКФ тәртіп кеңесінің төрағасы.

Абдрахманова Майра Секірме атты күйін орындады.

Келесі сөз кезегі: Пайдалы кенорындарын қазып өндіру кафердрасының профессоры Исабек Тұяқ Көпейұлына берілді. Исабек Тұяқ Көпейұлы: Қамаров Рымғали Құмашұлы денсаулығына байланысты келе алмағандығы жайлы мәлімдеп, ол кісінің жетістіктері жаййлы айта кетті. 1976 жылдан – лаборатория меңгерушісі, 1982 жылдан – аға ғылыми зерттеуші, 1990 жылдан – оқытушы, 1992 жылдан – аға оқытушы, 1998 жылдан – доцент, 2010 жылдан осы күнге дейін – А.С. Сағынов атындағы «Пайдалы кен орындарын жерасты қазып өндіру» кафедрасының профессоры. 2010 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін — Біліктілікті жоғарылату институтының директоры. – деп мәлімдеді.

Келесі сөз кезегі: Пайдалы кенорындарын қазып өндіру кафердрасының доценті Айдаров Мариям Абдрахмановнаға берілді,

2009 жылдан осы күнге дейін — Қазақстан Республикасының білім жөнінде заңдамасын сақтауда және білім беру қызметін лицензияландыру ережелері мен мемлекеттік аттестациялауда ҚР БҒМ ЖОО тексеру бойынша комиссия мүшесі.  2010 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін — ҚарМТУ Ғылыми кеңесінің мүшесі. 2014 ж. ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқулықтарына сараптама жүргізу бойынша мүшесі.  2016 ж. ҚарМТУ ТКФ тәртіп кеңесінің төрағасы туралы және де коптеген еңбектері барын мәлімдеп айтты.

Келесі болып сөйлеген Усембеков Мейрамбек Сабденбекович, Пайдалы кенорындарын қазып өндіру кафердрасының аға оқытушысы Қамаров Р.Қ. коптеген жетістіктері жайында мәлімдеме жасады, сонымен қатар 10 авторлық куәліктер мен инновациялық патенттердің авторы, 10 ғылыми монографиялардың, ҚР БҒМ ұсынған 6 оқулықтардың, 16 оқулық құралдардың және 6 электрондық оқулықтардың авторы екендігін айтты. 49 тақырып бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Қарағанды облысы бойынша экология департаменті, «Nova Цинк» ЖШС, «Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Азимут Геология» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «Лад-Көмір» ЖШС, ««Кварц» құрастыру-технологиялық басқармасы» ЖШС, «Абсолют Қазақстан бірлестігі» ЖШС, «Өркен» ЖШС және т.б. тыңдаушылармен біліктілікті жоғарылату бойынша курстар жүргізілді.

Ортаға Тәрбие ісі бойынша Патриоттық тәрбилеу институты методисты Ботабек Алмагүл Ануарбекқызы шығып, дөңгелек устел өте жақсы өткендігі жайлы айтып өтті.

Дөңгелек үстел аяғында топ кураторы және студенттерге кеш қонақтарының атынан алғыс айтылды.

 

 

 

Без рубрики