«Сапалы білім – саналы ұрпақ» тақырыбында республикалық пікір-сайыс турнирі


Қарағанды техникалық университеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі К.С. Калыбекова және  кураторлары К.М. Хамзина, М.Т. Оспанғалиева, Г.К. Сагатова, Л.М. Кулейменова, аға оқытушы К.К. Нуржановалардың  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 20-21 наурызында ҚР ЖОО студенттері арасында «Google meet» онлайн форматта «Сапалы білім – саналы ұрпақ» тақырыбында республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.  Пікір —  сайыс турниріне Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының жоғарғы оқу орындарынан 24 команда қатысты.

Мақсаты мен міндеттері:

  • жастардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;
  • екі жақты позицияда студенттердің сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
  • Қазақстандағы жастар арасындағы белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру.

Пікір-сайыстың төреші шешімдеріне сәйкес жеңімпаз атанған топтарға  І, ІІ, ІІІ дәрежелі, «Үздік спикер», «Үздік төреші» дипломдары табысталып және барлық қатысушылар  ҚарТУ атқарушы директоры         А.З. Исагуловтың алғыс хатымен және жүлде алған командалар қаржылай  марапатталды.

  1. Бірінші орын – «Өзіміз ғой» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті — 30 000 тг.
  2. Екінші орын – «У» фракциясы Қарағанды экономикалық университеті — 20 000 тг.
  3. Үшінші орын – «Өзің тупой» фракциясы Павлодар педагогикалық университеті — 15 000 тг.
  4. «Үздік спикер» — Мадияр Амангелді 10 000 тг.
  5. «Үздік төреші» — Нұрсұлтан Зікрия 10 000 тг.
  6. Пікір-сайыстың 6 төрешісіне – 18 000 тг.

Без рубрики