Ұлы Жеңіске 75 мерейтойына арнап өткізген кураторлық сағатының есептемесі


С-19-1 тобының кураторы Киреева А.О.

Ұлы Жеңіске 75 мерейтойына арнап өткізген кураторлық сағатының есептемесі

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы — қазақтар. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.

Осыған байланысты студент Смаилов Е. бейнебаян көрсетті. Кураторлық сағатқа барлық студенттер толығымен қатысты.

 

Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің Отансүйгіштік қасиет әр кезде де қастерлеуге, құрметтеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болып саналады. Жаңа ғана өзім айтқандай тек майданда ұрыс көрсеткен жауынгерлердің ғана ерлігі емес, тылда еңбек істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық деп есептеймін. Себебі, олар кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірге қиыншылық көріп, бірдей азап шекті. Ашаршылықпен қатар ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Таңның атысымен күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатерді төнген кезде біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Отанымыз үшін от кешкен отандастарымыз өшпес із қалдырып, ерлік көрсете білді.Бұл оқиға тарихта алтын әріппен жазылып, ерекше есте қалады. Өзіміздің атақты жазушыларымыз майданға бармаса да, жүрек жарды өлеңдерін жазып жауынгерді рухтандырды. Мысалға айта кетсек: атақты жыршы, жырау, «ХІХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл атамыз «Ленинградтық өренім» атты өлеңін жазды. Соғыс кезінде көшелерге іліп қойды.Ол өлең солдаттарды жігерлендірді.Ленинградты қорғаушыларға зор қуат беріп, орталық газеттерде басылып жатты. Майдандағы әскерлер де, тылдағы жұмысшылар да, аналар мен қарт әжелер де тіпті жас балалар да Жамбыл өлеңін сүйсініп оқыды.

Арыстандай айбатты жауынгерлер ақынның жалынды сөздерінен керемет рухтанып, мыңдаған адамдар көздеріне жас алып, тебірене оқыды.
Ленинградтық өренім,Мақтанышым сен едің. Нева өзені сүйкімді,
Бұлағындай көремін, — деп басталатын толғауы қалада, радиода беріліп, әр алаңда плакат ретінде жазылып ілінді.
Ақын Жамбыл бұл өлеңінде әскердің қаһармандығың жауға деген өшпенділігін айтады. Ақын: «Жата алмаймын төсекте жаным қалай жайланат » деп, өзі олармен бірге санайтынын білдіреді. Көңілге көп тоқыған,
Кәрі—құртаң ашынды. Қара қағаз оқудан,
Сауатымыз ашылды – деп , Қадыр Мырза Әли жырлағандай Ұлы Отан соғысы ондағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгерді, талай жанның өмірін үзді. Ал енді бүгінгі күні жыл сайын 9 мамыр «Жеңіс» күні болып тойланады. Біреулері үшін мереке болса, енді біреулері үшін қасірет күн деп есептеледі. Бұл күні қаншама боздақтар қан майданда дүние салды. Осы мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерінің көз жасы сорғалағай жүріп төзімділікпен күткен аналар мен қыз балалар тойлайды. Жеңіс күнінде Отанымыз үшін еңбек еткен өмірін жан пида еткен, туған туыстарына,жақын-жарандарына қайтып оралмай қалған қаһарман ерлерді ел болып еске аламыз.Соғыстың соңғы көктеміКөп болды нұрын төккелі. Жап-жасыл анау аспан да, Аспан да, сірә, көктеді, — деп Мұқағали ақын Жеңіс күнінің соңғы көктемі туралы осылай жырлады. Айта берсең өлең-жырлар өте көп. Ұлы Отан соғысына біздің Новоселовка аулынан көптеген майдангерлер барды. Соның бірі- Катеренов Кенжебай атамыз. Ол кісі осы ауылдың тумасы. Қазіргі кезде жары , балалары осы ауылда тұрады. Мен өз ауылымнан осындай соғыс ардагері барына өте қуаныштымын. Біз Жеңіс күні ауылымыздан соғысқа қатысқан ардагер аталарымызды еске аламыз. Атамызға көптеген сыйлықтар берілді. Меніңше , біз ешқашанда аталарымыздың ерлік жасаған істерін ұмытпағанымыз жөн. Ұлы Отан соғысы тарихы тұрғыдан алғанда, көптеген шығармалар жазылып жатса да, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес және артық та болмайды. Ерлікпен шайқасқан адамдардың лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалып қойып жатқандар бар болса да, қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғаларымыз да аз емес. Барлық жауынгерлеріміз мен ардагерлеріміз батырларымыз туралы айтсақ өте көп.Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс…

Без рубрики