2021 жылдың 6 наурызында «Студенттер үйі» жатақханасында 8 наурыз мерекесіне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды


Кеште «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен жатақханада тұрып жатқан басқа да студенттер өз өнерлерін көрсетті. Рысбек Ақәділ, Мұхаддас Нұрдәулет, Ғалы Ақжол поэзиялық өлең оқыса, Азат Заңғар мен Уат Асылбек ән айтты. Боранбаев Елнұр, Әділжан Аршын, Егентай Айдос, Савронов Санджар «Соқыр ана» фильмінен үзінді қойды. Сатвалдиев Бахтибек, Боранбаев Елнұр, Савронов Санджар өздерінің әзілдерімен көрермендердің көңілін тапты. Мерекелік кеш өз деңгейінде өтті.

Без рубрики