Республикалық «Аламан» фестивалі


2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақсан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен 2017 жылғы 5 қаңтарда бекітілген жұмыс жоспарының 33-тармағына сәйкес Астана қ. Оқушылар Сарайында «Мәңгілік ел жастары индустрияға» — «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студент жастарының арасында «Аламан» Республикалық фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты – белсенді, жан-жақты студенттерді анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұштау, әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау және 10 номинацияда ұсынылған ерекшеліктерімен көзге түскен студенттерді, командаларды марапаттау. Аталған фестивалдің қадірлі қонақтары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан, облыс әкімдері, Білім және ғылым министрлігінен, Қазақстан Республикасының жастар саясаты мен білім басқармаларынан өкілдер, жұмыс берушілер болды.

Аталған Республикалық сайыста Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Серпін» жастары төмендегідей номинациялар бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

  • «Serpin – Start — Up» интеллектуалды – инновациялық байқауының жеңімпаздары — Арғынбай Жамбыл, Дәрібай Еркін (ЭАТФ, ЭЭ-15-1 топ ст.);
  • «Болашақтың мамандығы қандай?» пікір – талас ойынының жеңімпазы – Кенже Қалдарбек (ЭАТФ, ЭЭ-15-1 топ ст.);
  • «Шынықсаң шымыр боласың» байқауының жеңімпазы – Кучкаров Асылхан (ЭАТФ, ТЭ-16-1 топ ст.);
  • «Өнерлінің өрісі кең» байқауының жеңімпазы – Құрманбай Нұрғиса (ЭАТФ, РЭТ-16-1 топ ст.).

«Аламан» Республикалық фестивалінің қорытынды кезеңінде ҚарМТУ ректоры М.К. Ибатов және ҚарМТУ-да «Серпін» жастарының жетекшісі Ш.А. Жетпісбай алғыс хаттармен марапатталып, байқау жеңімпаздары Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ж.Мелдешовтың атынан мадақтама қағаздары беріліп, естелік сыйлықтарға ие болды.

Без рубрики