ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


«Профессор А.Н. Данияров атындағы Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында 2013 жылы ҚарМТУ-дың 60 жылдығына орай «Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығын (ҒТО) ашу туралы шешім қабылданды.

ҒТО басшысы Балабаев Оюм Темірғалиұлы (Техника ғылымдарының кандидаты,  «Көлік, тау-кен және құрылыс машина жасау» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент)) тағайындалған болатын және қазіргі уақытта да басшысы болып табылады.

Мерейтойлық 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ 70 жылдығына орай «Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығын «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығы деп қайта атау туралы шешім қабылданды.

ҒТО негізгі міндеттері:

— ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және сараптамалық жұмыстар жүргізу;

— жаңа техника мен технологияларды әзірлеу;

— қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инжинирингтік қызметтер жүргізу.

ҒТО ұйымдастырушылық құрылымы:

— оқу-әдістемелік бөлім;

— ғылыми-зерттеу бөлім;

— конструкторлық бюро;

— патенттік бюро;

— эксперттік-инжинирингтік бөлім.

ҒТО қызметкерлері – жоғары білікті мамандар – техника ғылымдарының докторлары, техника ғылымдарының кандидаттары, ғылым магистрлерінің, инженер-конструкторлар және инженер-технологтар ұжымы.

Без рубрики