VIII тарау ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ҰЛТ – АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

 

 

Дәріс жоспары:

8.1. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі;

8.2. Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған көтеріліс (1836- 1838);

8.3. Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі (1836-1838);

8.4. Ж.Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі;

8.5. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы қазақ халқының көтерілісі, 1870 ж. Маңғышлақтағы көтеріліс.

 

 

8.1. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

 

Саяси–әкімшілік реформа жүргізу және жаңа басқару элитаның саясатының даму барысы қазақ даласында қауырт экономикалық тәуелділіктің күшеюіне әкелді. Көшпенділердің құнарлы жерлері тартылып алынды. Орыстардың бекіністеріне және казак станицаларына деп жер алынды; салықтық төлемдер өсе берді және одан басқа да заң бұзушылықтарға жаңадан келген басшылар тарапынан жол берілді. Осындай теріс көріністер қарапайым халықтың наразылығын тудырды. Сол наразылық ақырында С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне айналды. Көтеріліс 1783 жылдан 1797 жылға дейін созылды. Негізгі себеп: Ресейдің отаршылдық саясаты, қазақ жерлерін тартып алу, қазақтардың тарихи қалыптасқан көшпенділік өміріне бөгет қою. Сонымен қатар тонау, отаршылдықты жақтайтын шенеуліктердің әрекеті және жергілікті басшылықтың қыспағы.

1785 жылдың көктемінде табанды күрес басталды. Қысқы жайылым үшін қазақтар қыспақ көрді. Орал бекінісінің әскерлері малдарын, шаруашылығын тонады: олардан 83 түйе, 2955 жылқы айдалып әкетілді.

1785ж. Сырым Датұлы отряды Сахарная бекінісін шабуылдады. Бірақ артиллерия қысымына шыдамай кейін шегінуге мәжбүр болды. 1790 жылдардың басынан бұл қозғалыс нағыз көтеріліске айналды. Өзінің Екатерина ІІ – ге жазған хатында Сырым Датов былай деген: “Орал казактарының атаманы 1500 әскерімен жайбарақат жатқан қазақ ауылдарын тонады, дүние – мүлкін иемденіп, 150 адамды өлтіріп, 57 адамды тұтқындап, сансыз жылқы, түйе, сиыр, қой айдап әкетті.” Осыған байланысты қазақтар да Орал бекінісінің бөлімдеріне шабуыл жасады. Орынбор әкімшілігінің жаңадан тағайындалған басшысы Пеутлинг қатаң әрекет қолданды: үнемі қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберіп отырды.

Осы оқиғаларға байланысты старшындар патша үкіметінен Нұралы ханды орнынан алуды талап етіп, өлкені Орынбор генерал–губернаторы Игельстромның құрған жүйесі бойынша басқаруды талап етті. Осы жүйенің мағынасы бойынша Кіші жүзді Орынбор шекаралық сот басқаруға тиіс болатын. Жүз үш бөлікке бөліну қажет: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Осылар негізгі жазалау соттың бұйрығын орындап, олардың басында төраға және оның екі орынбасары жергілікті старшындар болу керек.

Бұл Игельстром реформасын бүкіл Жүз үшін іске асыру мүмкін болмады. Өйткені бүкіл саяси билік старшындар қолында болатын және хан билігін жою патша үкіметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. 90 жылдардың ортасында қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. 1796 жылдың көктемінде Есім хан өлтірілді, бірнеше қамалдарға шабуыл жасалды. Жазалау отрядтарының қуғындау барысында өзінің жақтаушыларының көбінен айрылған С.Датұлы Хиуа хандығына көшуге мәжбүр болды. Сол жерде 1802 ж. дүние салды.

Осылайша қазақ тарихындағы ең ірі қозғалыстардың бірі аяқталды. Бұл қозғалыс ұлттың бостандық үшін күресі болып табылады. Оның тарихи маңызы өте зор болатын. Осы көтеріліс нәтижесінде Ресейдің Батыс Қазақстанға енуі уақытша тоқтатылды. Екіншіден, қазақтар Орал мен Жайық аралығын мекендейтін болып, Орал казактарының қазақ даласына шабуылдары тоқтатылды.

 

 

 

8.2. Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған көтеріліс (1836-1838)

 

Бөкей хандығының құрылуы және Ішкі орданың пайда болуы шамамен 1801 жылға жатады. Бұл хандық Жайық пен Орал арасын қамтыған. Патша үкіметі Кіші жүздегі жағдайды қалпына келтіру үшін осындай қадам жасауға мәжбүр болды. Өйткені бұл Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрес болатын. Жәңгір ханның саясаты мен патша үкіметі әкімшілігінің бірігуі, хандық және отаршылдық езгінің жедел өзгеруі, ауыл шаруаларынын жерден айырылуы: жердің 2/3 бөлігі қазақ феодалдары мен орыс шенеуліктерінің тікелей меншігіне өтті, ал 400 мың десятина жер Жәңгір ханға өтті. Жердің дұрыс бөлінбеуі ауыл шаруашылығының экономикасының төмендеуіне, кедейлер санының артуына әкеліп соқты.

Бөкей хандығының саяси құрылымында көптеген ерекшеліктер байқалды. Барлық билік адамдарын патша ханның жақындарынан сайлады. Сот билігі хан қолында болды – билер мен сұлтандар, есаулдар хан бұйрығын іске асырды. Басқарудың бұл принципі патша үкіметінің мүддесін қорғау үшін құрылды.

Отаршылдық саясаттың терең жайылуына байланысты Ішкі ордада қазақ шаруаларының отаршылдыққа қарсы күресі болды. Басшылары Беріш руының старшыны И.Тайманов пен серігі ақын М.Өтемісұлы. Азаттық қозғалыстың негізгі қозғаушы күші, әлеуметтік тірегі - шаруалар.

1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер хан ауылдарына шабуыл жасады. 1837 жылдың қазан айында көтерілісшілер 2000 адаммен хан ордасын қоршады. Көтерілісті басу үшін Құлағын, Тау бекіністері мен Орал, Астрахань, Орынбордан подполковник Геке бастаған жазалаушы күштер бағытталды.

1837 ж. 15 қарашасында Тастөбе сайында көтерілісшілер мен жазалаушы отряд арасында шайқас болды. Жазалаушы отряд мықтап қаруланғандықтан артықшылық жағдайда болды. Көтерілісшілер жағы жүзге тарта адамнан айырылды. Жетекшілері қашуға мәжбүр болды. И.Таймановтың басына күмістен 500 сом сыйақы тағайындалды.

1838 ж. көктемінде Исатай мен Махамбет аса ірі күш жинай алды. Көтерілісті жаншу үшін жаңа жазалау топтары жіберілді. Соңғы шайқас 1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ және Қиыл өзендерінің аралығында өтті. Көтерілісшілер небәрі 500 адам болғанымен, ерліктің нағыз үлгісін көрсете білді. Алайда күштері тең болмағандықтан көтеріліс жаншылып, И.Тайманұлы өлтірілді.

Осылайша, Бөкей ордасындағы отаршылдыққа және хан билігіне қарсы бағытталған қазақтардың күресі аяқталды. Көтерілістің аясы тар, шектеулі болғанымен, мәні – маңызы өте зор болды. Себебі, басқыншылыққа қарсы күрес жаңа сатыға көтерілді.

 

 

 

8.3. Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі (1836-1838)

 

ХІХ ғ. І жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікті сақтап қалуға бағытталған күресін Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы басқарды. Бұл көтеріліс толығымен зерттелмеген. Көптеген қайшылықтарға толы болғандықтан әлі де болса бағаланбады. Нағыз шын тарихын ХХ ғ. 40 жылдарында тарихшы – ғалым Е.Бекмаханов нақты зерттегені үшін 25 жыл түрмеге отырған. Кенесарының қойған басты талаптары: тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, бекіністерді жою, түрлі алымдар мен салықтарды тоқтату, Қоқан және Хиуа хандықтарымен күрес арқылы Оңтүстік өңірлерді азат етуі халық талабынан шықты.

Көреген саясаткер ретінде Кенесары хан ұлы Ресей империясымен күресу үшін – барлық қазақ руларымен жүздерінің бірігуі керектігін жақсы түсінді. Ресейге қарсы ашық қарулы күрестің қиындығын түсіне отырып, көптеген даулы мәселелерді негізінен патша үкіметімен бейбіт жолмен шешіп отырған.

Кенесары хан басқарған қазақтардың көтерілісі алғашынан жаппай сипатқа ие болды. Бұл көтеріліске ХVIII – XIX ғ. барлық дерлік қазақ халқының, Кіші және Орта жүздің жаппай ат салысқан тұңғыш көтеріліс болды.

Негізгі қозғаушы күші–шаруалар, старшындар, 80-нен астам сұлтандар. Бірақ, өкінішке орай, бір бөлігі күресті жалғастырудан бас тартты.

Қазақтардың казак отрядтарымен алғашқы қақтығыстары 1837 жылы қараша айында орта жүз территориясында болды. 1838 жылдың мамырында көтерілісшілер Ақмола бекінісін өртеп жіберді. Кенесары өз жасақтарымен Кіші жүзге жақындау Торғай даласына қоныс тепті. Осы жерде көтеріліске Жоламан Тіленшұлының жасақтары қосылды. Нәтижесінде көтерілісшілер саны көбейіп, бекініп алды. Кенесары соғыс қимылдарын екі бағытта жүргізді: Солтүстікте патшаның жазалау отрядтарымен, ал Оңтүстікте қазақтарды ығыстырған Қоқан хандығымен.

1841 жылдың тамыз айында Кенесары қоқандықтардың қол астындағы Созақ, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап алуы көтерілісшілерді рухтандырды. Осы жылдың қыркүйек айындағы құрылтайда қазақ жүздері бірауыздан Кенесарыны хан сайлады.

7 жыл көтерілісшілермен нәтижесіз күрестен соң 1845 жылы Орынбордан Домов пен Берн өкілдігі келді. Көтерілісшілер отарланған жерлерді қайтаруды талап етті. Бірақ патша үкіметі келісім бермегендіктен, келіссөз нәтижесіз қалды.

1846 жылы Ырғыз және Торғай бекіністерінің салынуы көтерілісшілерді Ұлы жүз аймағына көшуге мәжбүрледі. Сол жаққа патша едәуір жазалау отрядтарын жіберді.

Асқын күштің қысымына шыдамаған Кенесары хан қырғыз жеріне еніп, патша үкіметі мен Қоқан хандығына бірлесіп күресуді ұсынды. Бірақ қолдау таппаған Кенесары 1847 жылы шайқаста жеңіліс тапты. 32 сұлтанмен бірге тұтқынға алынып, қаза табады. Кенесары ханның бастаған ұлт – азаттық қозғалысы осылайша аяқталады. Көтерілістің басылуынан кейін патша әскері Ұлы жүз жерін отарлайды. Қазақ мемлекетін құрған Кене хан халық мүддесін ойлайды. Хандықта салық жүйесі, әскери кеңес, билер соты құрылып, дипломатия дұрыс жолға қойылды. Кенесары құлдыққа, барымта мен ру аралық жанжалға тыйым салады. Әскери қатаң тәртіп болып, сатқындарға өлім жазасы кесіледі.

 

 

 

8.4. Ж.Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі

 

1857 – 1858 жылдары жергілікті қазақтардың Қоқан хандығына қарсы көтерілуі, патша әскерлеріне Солтүстік және Оңтүстікке енуіне жағдай туғызады. Және де осылардың аса қатыгездікпен басып тасталуы қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей құрамына кіруіне себепкер болады.

1853 жылы Перовскийдің Ақмешітті алуы және Сырдария әскери шебінің құрылуы, отарлаудың қатыгездігі қазақ халқының Оңтүстік Қазақстан территориясындағы ұлт – азаттық күреске әкеліп соқты.

1856 жылы Сырдария қазақтарын шекті руынан шыққан, Кенесары көтерілісіне қатысқан, батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастады.

1856 жылдың аяғында 1500 дей сарбазы бар Жанқожа Қазалы бекінісін алды. Жазалаушы отряд генерал – майор Фитингов өз қарамағында 300 казак, 320 сарбаз және артиллерия болды.

1857 жылы 9 қаңтарда көтерілісшілер Арықбалық түбіндегі шешуші шайқаста жеңіліс тапты. Қалған күштерін Жанқожа батыр Сырдарияның Хиуа хандығына апарды. Осымен Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс аяқталды.

Көтерілістің жеңілу себептері қазақтардың жарақтануы, ескірген әскери тактика және де өз старшындарының сатқындығы болды.

1860 жылдың күзінде қоқан – әскерлері орыстарды Жетісудан қууға соңғы талпыныс жасады. Қоқан ханы Верный бекінісіне қарсы 12 мың әскер жіберді, оған қазақ пен қырғыз қосылды. 20-қазанда біріккен әскер Ұзынағаш түбінде орыстардан жеңіліс тапты.

1864 жылдың көктемінде патша үкіметі мойымайтын қоқандықтар мен қазақтарға қарсы әскер шығарды. Орыс отрядтары Мерке, Әулие – Ата, Түркістан қалаларын алып, бірақ Шымкент түбінде жеңіліс тапты.

Бірақ қыркүйек айында шабуыл қайта жалғасып, Түркістаннан полковник Черняев отряды, Әулие – Атадан Лерха әскерлері; үздіксіз шабуылдардан кейін Шымкент-Ресей қол астына көшті. Осымен барлық Қазақстан территориясы Ресей қоластына көшуінің жаңа кезеңі басталды.

7 күн ішінде көтерілісшілер оны тұтқында ұстаған. Жасақтар барлық фураж мен азық–түлікті жоғалтып, Қалмық бекінісіне қайта оралды. 1869 жылдың наурызынан маусымға дейін Сұлтандардың, билердің, болыс билеушілердің және ауыл старшындарының ауылдарына үш мыңдай адам қатысқан 41 шабуыл жасаған.

Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістердің кең етек жоюынан қорыққан хан билеушілері көтерілісті басу үшін генерал-губернатор Веревкин басқарған үлкен жасақтар жіберілген. Нашар ұйымдастырылу, апаттылық, басшылық арасындағы келіспеушіліктер салдарынан көтерілісшілер жеңіске ұшырады.

Қазақтардың Маңғыстау жарты аралығындағы көтерілісі жергілікті тұрғындарға зиян келтірген уақытша ереже енгізумен байланысты. Көтерілісті Досан Тәжиев және Иса Тіленбаев басқарды. Көтерілісшілерді басу үшін құрамында 60 адам бар қаруланған полковник Рукиннің жасағы жіберілген. 1870 жылы 22-наурызында көтерілісшілер жасақты қоршап алып талқандайды, ал жараланған Рукин өзін-өзі атып өлтіреді. Бұл жеңіс көтерілісшілерді рухтандырды, сол кезде олардың қатары 10000 адамды құрады. Олар Николаев бекінісі, Александров форпостын, көптеген бекіністерді талқандады.

Көтерілісшілердің жеңістері жергілікті билеушілерді ғана емес, Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Көтерілісті басу үшін Кавказдан ірі әскери қосылыстар бағытталды. Көтерілісшілердің табанды қарсылығына қарамастан, көтеріліс басып жаншылды. Маңғышлақты хан әскері алды. Көтеріліс басшылары өз жақтаушылармен Хиуа хандығына көшіп кетті.

Адайларға үкіметке 90 мың қой беруге соғыс салығы салынды, 57901 сомға алым жиналды. Маңғыстаудағы көтеріліс өзінің бар күшімен царизмнің отаршылдық саясатына бағытталды.

Қазақтардың ХІ ғасырдың 60-70 жылдарғы жеңілісі Ресейдің белгілі бір экономикалық және техникалық артықшылығына негізделді, кейбір жерде байлар жағына сатылып кетуінен болды.

Сөйтіп, қазақ халқының бодандыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі (ХҮІІІ-ХІХғғ.) жеңіліске ұшырады, бұл Қазақстан территориясын Ресей империясының жаулауына әкеп соқты.

 

 

 

8.5. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы қазақ халқының көтерілісі, 1870ж. Маңғышлақтағы көтеріліс

 

ХІХ ғ. 60-жылдардың орта шенінен бастап, Қазақстан патшалықтың отарына нақ айнала бастады. Ресей патшалығының өлкені қол астына енгізуі патшалықтың үлкен аумақты басқару саясатында көптеген өзгерістерге алып келді. Патша үкіметінің жүргізген реформасы, бұрынғы әкімшілік-аумақтық басқаруы, тұрғылықты халықты тонау, арзан шикікөзге айналдыру құлдырауға жеткізді. Әрине, мұндай өзгерістер қарсылықты тудырып және Кіші жүз қазақтарының наразылығын, сонымен бірге Кіші жүз аумағындағы халықтардың қозғалыстарын тудырды.

Жиналған деректер бойынша көтерілісшілердің тобының біріне Ханғали Арсыланов сұлтан, екіншісіне ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың бірінен күші болғаны анықталды. Генерал-адьютант И.А.Крыжановскийдің «ізгі ойдағы халық жыртқыштарға мүлде тілектес емес» деген пайымдауы өзі рапорт жазып отырған әскери министрге жаңа реформаның жүргізілуі барысы туралы жақсы әсер туғызуға деген тілегінен туды. Оның әскери министрге 1869 ж. 17 сәуірде жолдаған келесі рапортында көтерілістің шектес жерлерге таралуы фактісі айтылады. 1869 жылы 8 мамырда Илецк уездік басқармасының бастығы Орынбор генерал-губернаторына Орал облысы Жиренқатын болысының биі, ауыл старшыны Түндетбай Көпенбаевтың 150 шамалас қаруланған адамдардан тұратын жасағының «Уақытша ережені» қабылдаған Тұзтөбе болысының қазақтарына шабуыл жасағаны туралы хабарлаған.