V тарау МОҢҒОЛ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

 

Дәріс жоспары:

5.1 Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы;

5.2 Алтын Орданың құрылуы (Улуг Улуса);

5.3 ХІV-ХV ортағасырлық мемлекеттер;

5.4 ХІҮ – ХҮ ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті.

 

 

5.1 Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы

 

ХІІ ғ. соңында ХІІІ ғ. бас кезінде Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде саяси жағдай көшпелі одақтар басқарушылары арасындағы қақтығыс ушықты. Осы қақтығыс кезінде монғол тайпасының басқарушысы Темучин ( Шыңғыс хан ) Орта Азиядағы тайпаларды біріктіріп ірі көшпенді мемлекет қалады. Монғол мемлекеті тарихта болмаған еуразиялық Ұлы империяға айналды. Ол Сары теңізден Жерорта теңізіне дейін, Балтықтан Парсы шығанағына дейін созылды.

1218-1219 жж. монғолдар көптеген көршілес елдердің халықтарын бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттардың жерлерін жаулап алып, танғұт мемлекетін құлатты. Цинь империясының әскерін толықтап монғолдар Солтүстік Қытайды бағындырды. Содан кейін Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанға шабуыл жасауға әзірленді.

Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз басып алды, өйткені онда сегіз жыл бойы Күшлік ханның зорлық-зомбылығына ыза болған халық Шыңғысханды құтқарушы ретінде қаралды.

Хорезмшахқа қарсы соғыстың сылтауы 1218 ж. Отырарға жіберілген сауда керуенінің Қайыр ханның бұйрығы бойынша жойылуы. Кек қайтару ретінде оларды өлтіруге Шыңғысхан әмір берді. Шыңғысхан әскері шабуылға 1219 ж. қыркүйек айында аттанды.

Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетті. Араб және парсы әдебиеттерінде 30-ға жуық монғолдар жойып жіберген қалалардың аттары берілген. Олардың ішінде Оңтүстік қалалары: Отырар, Сығанақ, Ашнас бар.

1221-1224 жылдарда Қазақстан мен Орта Азиядағы жаулап алу соғыстары аяқталды. Қазақстанның жерлері бөлініп, Шыңғысханның ұлдарының ұлыстары құрамына кірді. Батыста Ертістен Жетісу мен орта, Солтүстік, Батыс Қазақстанды қоса төменгі Еділ жағалауына дейін үлкен бөлігі Жошының ұлысына берілді. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, яғни Жетісудың үлкен бөлігі Шағатайдың ұлысына, Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедейдің еншілігіне бөлініп берді.

Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтардың қарым-қатынастарын бұзып, олардың этносаяси және шаруашылық мәдени дамуын өзгертті.

 

 

5.2 Алтын Орданың құрылуы

 

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнын ұлы Бату басты. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ және Еділ бұлғарлары жерлеріне әскери шабуыл жасап, одан әрі Батысқа қарай бет алмақ болды. 1236-1242 жж. ұрыстарда орыс мекендерін құлазытып Польша, Венгрия, Чехия және басқа да елдерді өзіне қаратты. Бату Волга (Еділ ) өзенінің төменгі жағалауында жаңа монғол мемлекеті Алтын Орданы (Ұлы Ұлыс ) құрды. Оның астанасы- Сарай-Бату ( Астрахань маңында ) қаласы болды, кейін ол Сарай - Берке қаласына көшірілді.

Алтын Орда–көп ұлтты мемлекет болды. Әртүрлі халық өкілдерінен тұратын қоғамдық-экономикалық даму деңгейінде айырмашылығы бар мәдениеті мен салт-дәстүрі бар дербес ел болды.

Алтын Орда мемлекет Жошы ханның меншігі болып саналды. Маңызды күштер және мемлекеттік істерді шешуде құрылтай шақырылып отырды. Қарулы басқа мемлекеттермен күштер және дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Диуан–мемлекеттегі қаржы, салық, ішкі өмірді басқаратын атқарушы биліктің орталық органы. Қалалар мен бағынышты ұлыстарға Даруға мен Басқақтар тағайындалды, олардың міндеті салық жинау. Нояндар, Бектер, әмірлер бахадүрлер әскер басқарушылары болды. Алтын Ордада жаулап алынған жерлер мен халықтарды басқарудың ұлыстық жүйесі орналды.

Қазақстан жерінде меншікті құрылымды басқару ретінде монғолдар «Жасақ» немесе «Ясы» атты Шыңғысханның құқықтық тәртібін енгізді. Онда жергілікті және оған қоса халықтардың құқығы анықталған.

Алғашқыда Алтын Орда монғолдың ұлы ханына қарайтын. Бірақ 1260 жылы Монғол империясы құлап ұлыстарға бөлінді. Берке ханның тұсында (1256-1266 жж.) Алтын Орда дербес мемлекет болды.

Алтын Орда билеген хандары Берке (1256-1266 жж.), Менгу (1266-1280жж.), әсіресе ХІV ғ-дың І жартысында Өзбек хан (1312-1342 жж.) мен оның орнын басушы Жәнібек ханның кезінде (1342-1357жж.) қуатты кемеліне келіп, билігі күшейе түсті. 1312 ж. Өзбек хан тұсында ислам діні мемлекеттік дін деп жарияланды. 1357 жылдан 1380 жылға дейін Алтын Орда тағында 20-дан астам хандар отырыпты. Әмір Темірдің (1389-1391 ж., 1394-1395 жж.) шабуылы мемлекетті әбден титықтатты. ХV ғ. ортасына қарай Алтын Орда мемлекеттік бірлестік болмады, бірақ әлемдік тарихта маңызды орын алды. Біріншіден, Ұлы Ұлыс негізгі рөлді атқарды, өйткені шабуылдар тоқтады. Екіншіден, мықты мемлекеттің орнауы сауда мен қалалар салуда дамуына ықпал етті. Үшіншіден, Ұлы Ұлыс батыс агрессияларынан қорғану мақсатында көптеген мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар орнатты.

 

 

5.3 ХІV-ХV ортағасырлық мемлекеттер

 

Монғол шапқыншылығы салдарынан кейін ХІV-ХVғғ. Қазақстан жерінде ру-тайпалар арасындағы тарихи қалыптасқан мәдени-экономикалық байланыстар Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстанда нығайды. Сол өңірлердің саяси өмір эволюциясы бірнеше мемлекеттерді бөлу арқылы жүрді.

Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде ХІІІ ғ. ортасы-ХV ғ. басында Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы ХІV ғ. екінші жартысы. Орда Ежен ұлысына бастапқыда Жетісудың Солтүстік–Шығыс бөлігі, Ертіс жағалауы, Ұлытау мен Кентауға дейінгі жерлер кірді. Жайық, Ырғыз, Тобыл және Сарысу өзендері, Арал маңындағы Сырдарияның етегінде Жошының тағы бір ұлы, Шайбани ұлысы орналасты.

Жошы ордасы ХІІІ ғ. орта кезінде Плано Карпинидің айтуы бойынша Ертіс пен Алакөл маңында болды. ХІV ғ. Орда Еженді басқарушыларының бөлігі қазіргі Жетісудың барлық жеріне тарады.

Осы оқиғаларға байланысты мемлекеттің аты өзгертілді, кейбір зерттеушілер Қазақстанның жеріндегі бұл мемлекеттік құрылымды Көк Орда деп атады. Демек, алғашқыда Орда Еженнің кезінде Көк Орда, ал Шайбанидың кезінде Ақ Орда деп аталды. Шайбани ұлысы Ежен ордасына біріккен соң «Ақ Орда» деп мемлекетті тұтас атады.

Ақ Ордада жерді шартты түрде иелену мен жекеменшік түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ұлы рулар бай феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің қожасына айналды.

Мемлекеттік жоғарыда Орда Еженнің ханы биледі. Оған Жошының оғландары мен бек, әмір, бахадүр рулары бағынды.

ХІV ғ. ортасында Ерзен хан мен Мүбәрак қожа 1320-1344 ж. Алтын Ордадан біржола қол үзді. Ақ Орда Ұрыс хан билігі кезінде өз кемеліне келіп, ол ХІV ғ. 60-70 ж. биледі. Оған Темір агрессиясының күшінен Ақ Орданы қорғады. ХІV ғ. соңында ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда мен Моғолстан бірнеше рет Темір әскерінің шабуылына ұшырады.

Соның салдарынан Ақ Орда едәуір әлсіреп қалды. 1423/24-1422 жж. Ақ Орданы ұрыс ханның немересі Барақ басқарды, кейін ол өлген соң билік Шайбанид Әбілхайырға тиді.

Оңтүстік Шығыс Қазақстан ХІV ғ. ортасында-ХVІ ғ. Моғолстан мемлекетіне кірді. Ол Орта Азияның Солтүстік Шығысында, Жетісуда, Шығыс Түркістанда қалыптасқан. Моғолстан тұрғындарының көпшілігі түркі тектес монғол тайпалары болды. Мемлекеттің астанасы-Алмалық қаласы.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер судың жоғары иесі хан болды. Мемлекетті басқаруда ханға ұлысбек көмектесті. Әмір руынан тағайындалған дулат тайпасының өкілі. Сондай-ақ хандар қасында ақсүйектер кеңесі қызмет еткен. Мұнда жерді шартты басқаруда ихта, сойырғал сияқты түрлері болды. Сойырғал-әскери және азаматтық қызметке төленетін феодалдық төлемақы түрі. Салықтан басқа сойырғал иегері соттың әкімшілік иммунитетке құқысы болды.

Моғолстанның саяси тарихы ұрыстарға толы. Ол көрші мемлекет жағынан шабуыл, Бастысы Темірдің Тянь-Шань өңіріне үнемі шабуыл жасауы. Моғолстанның алғашқы хандары Тоғылық Темір (1347-1362 ж.) мен Ілияс Қожа 60 ж. Мәуренахрда Шағатайлықтар үкіметін қайта құруға әрекет жасады. Бірақ 70-80 жж. Монғолия басқарушылары Темір агрессиясына ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізді, соның нәтижесінде Моғолстан бірнеше мемлекеттерге бөлінді.

Мұхаммед хан басқарған кезде елдегі жағдай жақсарды. Оның билеп тұрған кезінде Моғолстан Тимуридтардан тәуелсіз ел болды. Әмір Темір билігінен Шу және Талас алқаптарындағы жерлерді азат етті. Мемлекетті орталақтандыру мақсатында Мұхаммед хан Моғолстанда ислам дінін енгізді.

Есен-Бұға билеген кезде (ХVғ. 50 ж.) Жетісуға Шығыс Дешті-Қыпшақтан Жәнібек пен Керей сұлтанның басқаруымен біраз қазақтар көшіп келді.

Моғолстанның соңғы билеушісі Сейітхан 1514 ж. моғолстан хандарының бағынышты билеушісі Әбубәкір мырза дулаттың қолынан Қашқарияны тартып алып, Шығыс Түркістанда жаңа Могулия мемлекетін қалыптастырды.

Жошылықтардың билігі Ақ Орданың ханы Барақтың өлуімен аяқталды. Оның орнына 1429 ж. Шайбанид Әбілхайыр болды. Ол ерікті «көшпелі өзбек мемлекетін» құрып, оны 40 жылдай басқарды.

ХVғ. хандықтың жерлері Ертістен Еділге, Сырдарияның жағалауын алып жатып Оңтүстік Шығыс бөлігі, Тарбағатай арқылы Балхаш көліне дейін жетті. Сонымен ұлыс өз құрамына Қазақстанның қазіргі жерінің үлкен бөлігін алдыыгнак.

Әбілхайыр ханның билігі кезі ұрыстармен толы, яғни тұрақтылық пен тыныштылық болмады. Оның хандығы көптеген жерлерді қамтыды. Әбілхайыр ханның билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқты үстем тап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. 1430 ж. ол Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандайды. 50 ж. Әбілхайыр хан Самарқанд пен Бұхараға шапқыншылық жасайды.

1457 ж. Әбілхайыр Сығанақ жерінде ойраттардан жеңіледі. Бұдан сон Әбілхайыр хан көшпелі елдің жартысы одан бөлініп, Керей мен Жәнібек сұлтанның басқаруында Моғолстанға қоныс аударып, Шу Қозыбасы өзендерін жағалайды.

Әбілхайыр хан өлген соң мемлекет тарайды. Ханның орнын басуға Шайх-Хайдар хан әлбетте шожылықтармен соғыста өлтірілді. Әбілхайыр хандығы орталықтандырылған мемлекет болмады. Өйткені ішкі және сырқы қайшылықтардың шиеленісуі соғыстар Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды.

Алтын Орданың ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген құрылымдардың бірі-Ноғай Ордасы. Ол ХІV-ХVғғ. Батыс Қазақстан жерін алды. Бастапқыда ХІVғ. соңында Еділ мен Жайық ортасындағы рулар «Маңғұт жұрты» деп аталды.

Ноғай ордасының бөлектенуі Едіге хан кезінде басталды. Едіге Алтын Орданың көсемі болды. Ол өз қолында мемлекет тізгінін ұстады.

Ноғай Ордасы ХҮ ғасырдың ортасында, Едіге ұлы Нұрадиннің (1426 – 1440 жж.) тұсында құрылған. Мемлекеттің астанасы Сарайшық болды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы түрік халықтарының төңірегінде шоғырланған, Ақ Орда және Әбілхайыр хандығы тектес. Оның құрамында, түркілер, түрік тектес моңғол тайпасы және біріккен тайпалар. ХҮ ғасырдың ортасында халық «ноғай» атпен көрші мемлекетке танылды.

ХІҮ – ХҮІ ғасыр аралығында ноғай қоғамында жоғарғы сатыда, князь, хан, мырза, сұлтан және бай болды. Олар орда басында, ұлыстарда, ауылда тұрып, барлық экономикалық сұрақтарды шешіп отырған. Ноғай даласын ақсүйектер көшпелі жайылымдарды, көптеген жылқы табындарын, түйелерді, отар қойды және ірі қара малдарды иелік еткен, негізінен оларда рулық қауымдастық қалыптасқан.

Ноғай Ордасында тұрақты ұлыстар саяси жүйе, билік және басқару жүйесі қалыптасқан. Орда князьдарында әскери, дипломатиялық әкімшілік билік мирасы болған. Орда бірнеше ұлыстардан тұрып, әр қайсысы көптеген тобырлық топтардан құралды. Ұлыстардың басында мырзалар болды. Ұлыстың қарапайым көшпелі мал шаруашылығын міндетті түрде мырзаларымен бірге көшіп жүру керек болды.

ХҮІ ғасырда орыс мемлекеті мен экономикалық сауда – экономикалық және саяси байланысты Ноғай Ордасы орнатты. Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты, ноғайлықтарды басқарушылардың өзара тартыс талас нәтижесінде Ноғай Ордасы құлап, бірнеше ұсақ дербес ордаларға бөлінеді.

 

 

5.4 ХІҮ – ХҮ ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті

 

ХІҮ–ХҮ ғғ. Қазақстанның көптеген тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Үй қол өнері, дамуы, малдың шикізаттарын өңдеп киім–кешек және тұрмыс заттарын дайындаған. Ұста шеберлері өте күрделі металдан жасалған әшекей–бұйымдарды, әскери қаруды, арбаны, киіз үйді және т.б. дайындаған.

ХІҮ-ХҮғғ. Оңтүстік –Шығыс Қазақстандағы тұрғылықтардың шаруашылық түрі күрт өзгере бастады. Ұзақ уақыт монғол ханның билігі және ХІІІ ғ. жаңа шығыстағы көшпелі монғол тайпаларының өзара қақтығысы ХІҮғ. Жетісудың мәдени қалаларын жойып, жермен жексен жасады. Ежелгі қалалар Баласағұн, Алмалық, Тараз, Қаялық және т.б. құрып кетті. Жетісудің батыс жағындағы Шу және Таласта егін шаруашылығы сақталып қала берді.

ХІҮ–ХҮ ғғ. Оңтүстік Қазақстанда қалалық және егін шаруашылығы болды. Деректерден қарайтын болсақ, Отырар, Сауран, Сығанақ, Женде құрылыстары туралы мәліметтер алуға болады. Мәдени және қоғамдық білім қалыптасты. ХІҮ–ХҮғғ. Қожа Ахмет Ясы мен Ясы қаласы (Түркістан) байланысты. Осы кезенде құрылыс әдісі шарықтау шегіне жеткен, құрылысқа қатысты қолөнер дамыды. Ислам дініне байланысты құрылыста сәулеттік стилі қалыптасты. Сығанақ, Отырар, Сайранда монета айналысқа түсті.

Сығанақ, Ясы, Сауран, Сайрам және т.б. қалаларда егін шарушылығы қалыптасып жалғасын таба берді. Тұрғындар дәнді-дақылдар мен бау-бақшамен айналысып, көп жерлерде жүзім және бақшалар тараған.

Сауда айырбасы мал шаруашылығымен шұғылданатын Шығыста Дешті – Қыпшақ аудандарын, Жетісуде егін шаруашылығы және Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияда жоғарғы денгейде жүруі, аумақтық экономиканың дамуына алып келді.

Феодалдық қатынастар баяу түрде жүріп, көбінесе көшпелі мал шаруашылығы болды. Ұлыстың жүйе болып халықтың ұйымдасқан қоғамдастығы көшпелілерге басқа бір ұлыстың топтарынан бөлек белгілі бір территориясында жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Түркі әдеби тілінің негізгі үш диалекті тобының қарлұқ-ұйғыр, ұйғыр-оғыз және қыпшақ-оғыз тобының қалыптасу үдірістері дами түсті. ХIII-ХIV ғасырларда қыпшақ тілінде көптеген әдеби ескерткіштер дүниеге келді, халық ауыз әдебиеті дамыды. Қыпшақ тілінің «Кодекс куманикус» атты ескерткішінде фольклор үлгілері сақталған. ХIV-ХV ғасырларда түркі тілдерінің қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты. Бұл кезде жыраулар өнері кең өркендеді, Сыпыра жырау мен Қодан тайшы, Асан-қайғы мен Қазтуған өз өнерлерімен халық бірлігін, Отанға сүйіспеншілікті уағыздады.

ХIV-ХV ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда жергілікті халықтың тұрмысы жаңғырды, Қазақстанның Оңтүстігіндегі далалық аудандарда егіншілік пен сауда байланысы дамыды.