IV тарау ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ (VI Ғ. – ХІІІ Ғ. БАСЫ)

 

Дәріс жоспары:

4.1 VI-XIII ғғ. бас кезіндегі қалалар және қала мәдениеті;

4.2 Діни наным-сенімдер;

4.3 Ежелгі түрік жазу ескерткіштері;

4.4 Ғалымдар мен ойшылдар.

 

 

4.1 VI-XIII ғғ. бас кезіндегі қалалар және қала мәдениеті

 

Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи - мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады.

Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы 25 қалажұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Бірісыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы).

Жетісудың Оңтүстік-Батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық мәліметтерге қарағанда, 27 қалажұрты бар деп есептеледі. Олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжайды. Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Үсбаникетте орналасқан Кеңжиде өкүрігі құрылады; Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шавғар өңірінде – Яссы, Шағылған, Қарнақ, Қарашоқ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында – Сығанақ, Жент, Асанас, Баршакент; теріскей жоталарда- Баладж бен Берукет қалалары пайда болады. Бұлардың бірқатары бұрын да болған еді, бірақ шағын-шағын мекендер мен қалашықтар болатын ІХ ғасырдың соңы – ХІІ ғасырдың бас кезінде олар кәдімгі қалалық орталықтар қатарына қосылады. Жетісудың Оңтүстік-Батысындағы жаңа қалалар саны да өсті. Талас алқабында – Жікіл, Балу, Шелжі, Текабкет, Көлсұс, Кенжек қалалары. Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналады. ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде Жетісудың Солтүстік-Батысында қала мәдениетінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Тәлхир, Лабан, Екі оғыз, Қаялық қалаларын айтады. Осы кезеңде отырықшылық және қала тірлігі Орталық Қазақстанға да жайылады. Қалалар мен мекенжайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптарынан, Ұлытау баурайынан қоныс тебті.

Оңтүстік Қазақстанда қала үш бөліктен–Цитадель, Шахристан, Рабадтан тұрды. Цитадель - қала орталығының мықты қорғаныс айлағы болып табылатын бөлігі. Шахристан - қаланың негізгі орталығы. Рабад – шахристанның сыртында орналасқан қала сыртындағы қақпа.

Қаланың осы ғасырдағы жаңадан енген белгі жаңалығы мешіттердің салынуы. Жазбаша деректерге қарағанда ІХ-ХІІ ғғ. қалада міндетті түрде мешіт аталып өтіледі.

Қала өмірінің маңызды рөлі болып базар және сауды-саттық айналым саналады. Қала ішіндегі базарларды араб авторлары «сұқ» және «асвақ», парсылар – «базар» деп атаған. Базарлар Шахристан мен Рабад территорияларында орналасқан.

Х-ХІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан қалаларында монша пайда болған. Бұдан ертерек, моншаларды Орталық Азияда сала бастаған. Үлкен қалаларда он шақты монша болған. Қаланың қоғамдық құрылыстары ішінде монша өзіндік бір ерекше орын алған. Отырар рабадында ХІ-ХІІ ғғ. жататын екі монша табылған.

Қала санының өсуі, олардың аумақтық кеңеюі, әрі қарай дамуға зор әсерін тигізді. ХІ-ХІІ ғғ. шағын кәсіптік орындар пайда болды.

Қалалар сауда-саттық байланысы мен стратегиялық жағынан да қолайлы орында орналасты. Қалалардың дамуы мен қала мәдениетіне Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін тасымал сауда қатынасы маңызды рөл атқарды.

Сауда айналымы қала өмірінің дамуына ерекше әсер етті. Қалада негізгі үш бағыт болған: басқа елдермен, ауылдық жерлермен (қала және оның округі), қала және көшпенді жерлердегі тұрғындармен сауда айналымы. Бұл уақытқа дейін соғды және түріктердің дамуында ерекше орын алған халықаралық керуендік сауда-саттық белгілі болған. Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы Оңтүстік Қазақстаннан өткен. Оның жүріп өтетін жолында Суяб, Тараз, Испиджаб қалалары орналасқан. Испиджабтан Солтүстік-Батысқа қарай – Фараб, Шавғар және әрі қарай Сырдарияның төменгі саласына дейін жеткен.

Қытайдан жібек, лактық бұйымдар, қағаздар, айналар әкелінді. Қытайға Батыс елдерінен қас бояйтын бояулар, вавилондық кілемдер, бағалы асыл тастар мен меруерт тастар, әйнек пен маталар келіп жатты.

Көшпенділермен тауар айырбасы Испиджаб, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты үлкен және қала сыртындағы қалалардағы жәрмеңкелер де іске асты. Жетісудың Оңтүстік-Батыс ауданы маңызды тауар айналымының орталығы болып «көпестер қаласы» аталатын Тараз, «басқа елден келген саудагерлер мен көпестер аралас тұратын» Суяб (чуйская долина) қалалары ерекше қызмет атқарды.

ІХ-ХІІ ғғ. бұрынғыша, Ұлы Жібек Жолы Батыс пен Шығысты байланыстыратын маңызды орынды иеленді. Ерекше үлкен тауар айналымының орталығы Оңтүстік Қазақстандағы Испиджаб, Кедер, Отырар және Янкигент; оңтүстік-батыста Тараз бен Баласағұн; Жетісудың Солтүстік-шығыс аймағында Талғар және Қаялық қалалары болып табылады. Испиджаб қаласында жабық базарлар мен маталар базары (рынок полотна) жұмыс істеген. ІХ – ХІІ ғғ. ақша – сауда қатынастарымен айырбастың дамығаны Қазақстанның ірі қалаларында монеталар жүрді. ХІ – ХІІ ғғ. алтынның рөлі арта түседі.

 

 

4.2 Діни наным-сенімдер

 

Ертедегі түрік дінінің негізі Көкке (Тәңір және Жер-суға ) табыну. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-Ұмай ана. Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Ұмай анаға табыну Алтай халықтарының түркі тілдес халықтарында ХІХ ғ. соңына дейін сақталған. Сонымен қатар Ұмай ана түріктердің жоғарғы күштерінің үштігіне кіреді.

Көне түріктер арасында әртүрлі заттарға табынушылық кеңінен таралды. Олардың ішінде отқа, жануарлар мен өсімдіктерге табынушылық атақты болды. Көне тілдік діни-нанымдар мен табынушылармен қатар қала мен далада әлемдік діндер таралды. Бұл үрдісте Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды.

VІ ғ-дан бастап түріктер Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен таралған буддизм дінінің ықпалына түсті. Ол туралы кейіннен табылған буддизм шіркеулері мен монастырлар оның куәсі болды.

Буддизммен қатар Жібек жолы арқылы христианның несториандық бағыты тарайды. VІІ-VІІІ ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Жетісу қалаларында орын алды. ІХ-Х ғғ. ерекше қарлұқ митрополиясы құрылып, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеді.

Жібек жолы арқылы ІІІ ғ. Иранда қалыптасқан манихейлік діні таралды. Ол дін зароастризм дінінің және христиан дінінің жиынтығынан тұрды. Ол дінді жақтаушылар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның тұрақты халық арасынан болды.

Орта ғасырлардағы қалалар тұрғындарының арасында тағы бір зароастризм діні б.з.д. VІІ-VІ ғғ. Иранда әлемдік діндерінің өкілі болды. Ол зароастризм ескерткіштерін Орта Азия, Сырдария өңірлері мен Жетісуда байқауға болады. Ежелгі түрік тайпаларының келуіне байланысты.

 

 

4.3 Ежелгі түрік жазу ескерткіштері

 

VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстік жерлерінде тілдік диалект өзгере бастады. VІІ-VІІІ ғғ. Қазақстанда және оның жақын маңдарында түркі тілдес топтар пайда бола бастады: болгар-хазар, Батыс-түріктік, оғыздық, қарлұқтық қимақ-қыпшақтық.

Орта Азия мен Қазақстанның территориясында орналасқан халықтар шаруашылықта, діни және әкімшілік-саяси қатынастарда жазудың бірнеше жүйесін пайдаланды. Алматы маңындағы сақ қорғанында қазба жұмыстары жүргізілгенде Есік қаласында табылған құмандағы жазу Қазақстандағы ең көне зат болып табылады. Бірақ оның қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Түрік қағанат тарихының бастапқы кезінде соғды жазуымен, түрік тайпаларында рулық таңбалармен қатар рун жазуы пайда болды. Ол 38 таңбадан тұрды. Бұл таңбалар соғды жазуына қарағанда ағашқа, тасқа жазуға арналған. Енисей және Орхон өзендерінің бойында заттар табылғандықтан ол жазуды «Орхон-Енисейлік» деп атады.

Түрік руналық жазуымен қатар Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда соғды тілі кеңінен тарады. Ол тіл халықаралық қатынастар тілі соғдылар мен түріктер шоғырланған жерлерде пайдаланады және халықаралық қатынастар ретінде пайдаланады, одан басқа сириялық, ұйғыр жазуларын жаза білді.

Ежелгі түрік рун жазуды ұйғыр тайпасы, одан соң араб жазуының ықпал етуімен ХІ-ХІІ ғғ. ислам қабылдады.

 

 

4.4 Ғалымдар мен ойшылдар

 

Орта ғасырларға мәдениет дамуының куәсі-фәлсафашы, әрі әмбебапшы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің ғылыми мұрасы. Ол философия, математика, геодезия, архитектура және музыка теориясымен айналысып, әдеп саласындағы зерттеулермен танымал болған. Оны Аристотельден кейінгі мұсылман шығысында «Екінші ұстаз» деп атаған. Әль-Фараби 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында туған. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында дүние салды. Әль-Фараби шығармалары араб тілінде жазылған. Бізге оның 160-тан астам еңбегі танымал. Оның философиялық, әлеуметтік-экономикалық логикалық трактаттары жеке басылым болып шықты.

Х-ХІІ ғғ. Түрік тілдес әдебиеттерінің өкілі Жүсіп Баласағұн. Ол 1069-1070 ж. «Құдадғу білік» поэмасын жазды. «Құдадғу білік» 6520 бөлімнен (85 тараудан) және қосымша 124 бөлімнен тұрады. Поэма кіріспесінде ол «бограхан тілінде, түрік сөздерімен жазылған» деген. «Құдадғу білік»-этникалық-моральдық трактат, яғни ғылыми шығарма ғана емес, ол қоғамның ережесін суреттейтін өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып табылатын философиялық-дидактикалық шығарма.

Ортағасырлық ғалымдар ішінен Махмуд Қашқариды ерекше атап өту керек. М. Қашқари бастапқы білімін Қашқарда алады, кейін өзінің білімін көтеру үшін Бұхара мен Нишапурдан білім алады. Ол тілдерді оқуға қызығушылық танытып, ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныстанған жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін әдеп-ғұрыптарын жазып алады. Зерттеулерін жинақтап 1072-1083 ж. «Диуани лұғат-ат –түрік» (түрік тілінің сөздігі) деген еңбегін жазады. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.

Орта ғасырларда түріктің суфизмнің басшысы, ойшыл ақын Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрді. Оның өмір сүрген уақыты әртүрлі беріледі (73 жас, 85 жас, 125 жас). 1166 ж. қайтыс болғаны нақты белгілі. Оның қыпшақ диалектімен түрік тілінде өлеңмен жазылған «Диуани-и-хикмет (Домалақ ана) еңбегі сақталған.