Студенттік бөлім

Студенттік бөлімнің мақсаты:студенттер контингентінің статистикалық есебі мен мониторингі, оның қозғалысын бақылау, жеке істерін жүргізу және студенттер туралы мәліметтерді уақытылы беру. 

Студенттік бөлімнің негізгі міндеттері:

  • оқуға қабылданған студенттердің жеке істерін университеттің қабылдау комиссиясынан қабылдау, оларды жүргізу, университетте оқуының барлық кезеңінде сақтау;
  • АЖ Univer, ҰББДҚ, Қаржы орталығы базаларында студенттердің жеке деректері мен қозғалысын есепке алу;
  • 3НК нысаны бойынша жылдық статистикалық есепті дайындау және құрастыру;
  • студенттер контингенті мен оның қозғалысының айлық, тоқсандық есебін жүргізу;
  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындарға студенттердің құжаттарын дайындау;
  • басқа ЖЖОКБҰ-дан ауыстырылған және қайта қабылданған студенттердің құжаттарын алуға жазбаша сұранысты дайындау;
  • басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылған және қайта қабылданған студенттердің құжаттарын жіберу;
  • ҚР БжҒМ, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен студенттер туралы әртүрлі мәліметтер бойынша хат алмасу;
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы дипломдардың телнұсқаларын беру»;
  • күндізгі оқу және күндізгі қысқартылған оқу бойынша студенттердің контингентін бақылау және қозғалысын есепке алу.

Дуганова Гүлден Қанатқызы – студенттер бөлімінің жетекшісі. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының магистрі. 2002 жылдан бастап ОӘБ маманы. 2013 жылдан бастап студенттер бөлімінің жетекшісі.

 

Макарова Елена Викторовна – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген «Құжаттану және құжаттаманы басқару» мамандығы бойынша. 2013 жылдан бастап статистик.

Акумова Сәуле Хасенқызы – Қарағанды ​​Еңбек Қызыл Ту Орденді политехникалық институтын «Ақпараттық-өлшеу техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бастап СДОФ әдіскері. 2021 жылдан бастап статистик.

 

 

Құлмағанбетова Алмагүл Қанатқызы – Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан 2015 жылға дейін КРУ-да тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі менеджер. 2015 жылдан бастап инспектор.

Сейдіғали Толғанай Жанқабылқызы – Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін «Есеп және аудитә мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдың қазан айынан бастап инспектор.