Шығармашылық үйірмелердің есеп беру концерті


2016 жылдың 22 сәуір күні Қарағанды қаласының «Шалқыма» концерт залында ҚарМТУ-дың шығармашылық үйірмелерінің есеп беру концерті өтті. Концерт барысында он бес шығармашылық үйірме өз өнерлерін, жетістіктерін паш етті. Шығармашылық үйірмелерге «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» — «Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын студенттер де үлкен қызығушылықпен қатысады. Әсіресе, аталмыш жоба студенттері «Сарыарқа сазы», «Вокал», «Сөз патшасы» үйірмелерінің және «Көркем» қыздар клубының мүшелері.

«Сарыарқа сазы» үйірмесінің қатысушылары домбырамен керемет күй тартса, «Вокал» қатысушылары әсем әуенді әндер орындады. Халықтың жүрегіне жол табатын өлең тудыру оңай емес екенін жақсы түсінетін, сезіне білетін «Сөз патшасы» поэзия клубының қатысушылары өздерінің шығарған өлең жолдарын оқыды. Ал салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін «Көркем» қыздар клубы түрлі ұлттық тағамдар мен қолөнерден тұратын «Әдемі-ай» көрмесін ұйымдастырып, әсем әуенмен көрермендерді тамсандырды.

Без рубрики