РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК СТИПЕНДИЯЛАР БАЙҚАУЫ – 2021


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы жариялайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жоғары және орта арнайы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.

Стипендия алуға ақысыз және ақылы түрде оқитын студенттер өтініш бере алады.

Арнайы стипендияға үміткерлер:

  • кемінде оқудың екі курсын сәтті аяқтау керек;
  • академиялық үлгерімі жоғары болу (жақсы оқу) керек;
  • қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу керек;
  • республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жету («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін) керек.

Конкурсқа өтінімдер 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады. Стипендия тағайындау ережелерімен https://fnn.kz сайтында танысуға болады.

Без рубрики