Рейтингтер


Бүгінгі күні қазақстандық жоғары оқу орындарының алдында тұрған басты мақсат – еңбек рыногының сұраныстарына сай келетін сапалы білім беру қызметін ұсыну. Сапаны қамтамасыз етудің пәрменді құралдарының бірі отандық ЖОО-ң әлемдік рейтингтерге қатысуы болса, университеттердің ролін рейтингілік бағалау қоғамға да, тұтынушыларға да өте маңызды.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Даму стратегиясының негізгі міндеті университеттердің әлемдік рейтингісіне ену болып табылады. 2017 жылдан бастап ҚарМТУ жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтеріне, оның ішінде Quacquarelli Symonds (QS) Британдық рейтинг компаниясының әдістемесі бойынша рейтингтерге белсенді түрде қатысып келеді.

QS -World University Rankings

Әлемнің үздік университеттерінің рейтингісі (QS World University Rankings) британдық консалтингтік компанияның Quacquarelli Symonds (QS) әдістемесі бойынша есептеледі және жоғары оқу орындарының ең ықпалды жаһандық рейтингілерінің бірі болып саналады. Quacquarelli Symonds рейтингісі 2004 жылы Times Higher Education британдық  басылымымен бірлесіп әзірленіп, The World University Rankings ретінде танымал болды. 2010 жылдан бастап бірыңғай рейтинг екіге бөлінді: Times Higher Education басылымы, әлемнің үздік университеттерінің рейтингісін The World University Rankings атауымен Thomson Reuters агенттігімен бірлесіп шығарады және Quacquarelli Symonds, рейтингті  QS World University Rankings атауымен шығаруды жалғастырып келеді.

QS әлемдегі барша мемлекеттермен танылған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингісін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім.

Әлемнің үздік университеттерінің QS World University Rankings® рейтингісі жоғары оқу орындарын бағалау барысында университеттің зерттеу қызметі, жұмыс берушілердің пікірлері, білім беру үдерісі мен осы саладағы жаңалықтарды тиімді пайдалана білу деңгейі ескеріледі. Сондай-ақ рейтингті әзірлеу кезінде ғылым саласындағы халықаралық зерттеулерге және әлемнің ең ірі ғылыми мақалалар базасы болып табылатын Скопус бойынша университет ғалымдары жазған еңбектерге сілтеме жасау индексіне баса назар аударылады.

QS рейтингісі туралы толық ақпаратты ресми веб-сайтынан табуға болады: QS World University Rankings — Top Universities

Worldwide Professional University Rankings (RankPro)

Университеттердің кәсіби рейтингісінің әдістемесі жоғары оқу орындарын салыстыру және оқу жоспарының (дәрежесі), университеттің қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігі мен толықтығын, оның әлеуеті мен ұлттық және халықаралық деңгейде беделін кәсіби бағалауға негізделген.

Рейтингтің негізгі міндеті — оқу үрдісінің сапасын және алынған арнайы білімді бағалау үшін қажетті параметрлер мен қатынастарды анықтау.

Оқу үрдісінің параметрлері мен оқу ортасының сапасын сипаттайтын қарым-қатынастарды математикалық есептеуге негізделген кәсіби ранжирлеу жүйесі. Кәсіби бағалаудың критерийлері жоғары кәсіби біліктілігі бар мамандармен тиісті салаларда — жоғары оқу орнының профессорларымен, педагогикалық және ғылыми қызметінде жеткілікті тәжірибесі бар жоғары білім беру мамандарымен бағаланады және бағаланады.

ЖОО-дың әлемдік кәсіби рейтингісі үш бағдарынан тұрады:

  1. Академиялық рейтинг — университеттің академиялық әлеуеті. Ол кезде университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының саны мен құрамы есепке алынады
  2. ВС- индексі (BC Index) бойынша университеттің веб-сайтының басты бетінің ағылшын тіліндегі нұсқасы туралы ақпараттың болуы. Ол кезде, мекеме туралы жалпы ақпарат (оның сипаттамасы), академиялық ақпарат және байланыс мүмкіндігі жайлы ақпараттын ағылшын тілінде қол жетімді болуы есепке алынады.
  3. Репутациялық рейтинг — ғаламдық және ұлттық рейтингідегі ЖОО-лардың қатарын және ғалымдардың халықаралық кеңесінің мүшелерін сараптау нәтижелері ескеріледі.

 

RankPro рейтингісі  туралы толық ақпаратты ресми веб-сайтынан табуға болады: World University rankings — Global World Communicator

Без рубрики