ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

4 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қойылған басым міндеттерді іске асыру аясындағы ЖОО негізгі міндеттерін талқылау жөніндегі Қарағанды техникалық университетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Өз баянадасымен ҚарТУ Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор М.К. Ибатов сөз сөйледі, және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жаңа Жолдауында пандемиядан және соған сәйкес әлемдік экономиканың қайта құрылуынан туындаған дағдарыстан кейінгі жағдайларда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын ұсынғаны туралы айтты.

Жаңа Жолдаудағы Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер өте өзекті, терең зерттелген, ресурстық қамтамасыз етілген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген бағдардың жалғасы болып табылады.

Қойылған міндеттердің ауқымы және өзгерістердің қойылған қарқыны бойынша Жолдау, стратегиялық құжат ретінде, Қазақстан халқына нақты әрекеттердің кешенді бағдарламасын ұсынады.

Мемлекет басшысы басқару жүйесі, жаңа ақиқаттағы экономиканың тиімділігін арттыру, өнеркәсіптік әлеуетті көрсету, ауыл шаруашылығы, көліктік-логистикалық кешен, шағын және орта бизнес, қаржы саласын дамыту, елдің аймақтық дамуын жаңғырту және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар жайлы айтты.

Президент қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті, сондай-ақ, отбасылық-демографиялық жағдай, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне алаңдаушылық танытты.

Жолдауда Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 11 басым міндет қойылған, олардың көбі тікелей біздің Университетіміздің қызметіне қатысты.

 «Коронавирустың үздіксіз жаһандық пандемиясына байланысты баршамызға өте қиын жағдайларда жұмыс істеуге тура келетіндігі өте айқын. Сондықтан, біз Мемлекет басшысының Жолдауында ұсынылған, терең ойланған, анық және стратегиялық әрекеттер бағдарламасын басшылыққа алуымыз керек.

Біздің Университетіміздің еңбек ұжымы Мемлекет басшысы ұсынған жаңа жағдайдағы Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шараларды толық қолдайтынына сенімдімін.

Біздің профессор-оқытушылар құрамы, біздің студенттер жоғары әлеуетке ие, және сөзсіз Мемлекет басшысы Жолдауының басым міндеттерінің сапалы орындалуын қамтамасыз ете алады», — деп ҚарТУ ректоры өз баяндамасын түйіндеді.

Сұрақтарды талқылауға: бірінші проректор Жетесова Г.С.; ғылым жөніндегі проректордың м.а. Ожигин С.Г.; тәрбие ісі жөніндегі проректордың м.а. Құттыбай М.Ж.; ҚарТУ оқытушылар мен қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Алпысбаева Н.А.; кафедра меңгерушісі Брейдо И.Ф. қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ұсынған дағдарыстан кейінгі жағдайлардағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын толық қолдау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, бір аптаның ішінде Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін Қарағанды техникалық университетінің жүзеге асыруы бойынша Кешенді жоспар әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

Без рубрики