5 сәуір 2019ж. ҚарМТУ-дың «Жастар Әлемі» сарайында Геолог күніне және Қ. И. Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған геологтардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде сәуір айының бірінші жексенбісінде Қазақстанның геологтары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.


5 сәуір 2019ж. ҚарМТУ-дың «Жастар Әлемі» сарайында Геолог күніне және Қ. И. Сәтпаевтың 120 жылдығына арналған геологтардың форумы өтті.

Дәстүрлі түрде сәуір айының бірінші жексенбісінде Қазақстанның геологтары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Форум жұмысына қатысқандар: Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «ЦентрКазНедра» өңіраралық департаменті» ММ басшысы Мауқұлов Нұрлан Оразбекұлы, «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы акционерлік қоғамының «ЦентрКазНедра» өңіраралық филиалы директорының міндетін атқарушы Мусиева Бақытгүл Ғалымжанқызы, ҚарМТУ түлегі, «Азимут геология» ЖШС директоры Мустафин Рахат Күзембайұлы, «Қазгеология» АҚ «Центргеология» өңірлік филиалының директоры, жер қойнауын барлаудың үздігі Матишев Талғат Военнович, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының оқытушылары мен студенттері», тау-кен факультеті.
Форум қонақтары мен қатысушылары өз сөздерінде осындай іс-шаралардың өзектілігін атап өтті, әсіресе мемлекет Басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын, 2030 жылға дейінгі геология саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында. Геологиялық ұйымдар үшін білікті кадрларды даярлауға біздің политех – ҚарМТУ дәстүрлі елеулі және айқындаушы үлес қосып келеді.

Форум барысында Профильді кәсіпорындардың өкілдерін, ғалым – геологтарды «ҚР кен орнын Алғашқы ашушы», «Жер қойнауын құрметті барлаушы», «Жер қойнауын барлаудың үздігі», «Мамандыққа адалдығы үшін» төс белгілерімен, ҚР Инвестициялар және даму Министрінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, Геология комитеті Төрағасының, «Орталыққазжерқойнауы» ӨД басшысының Алғыс хатымен, ҚарМТУ ректорының құрмет грамотасымен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Без рубрики