2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға ҚР БҒМ конкурсы жарияланды


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым дамуының басым бағыттары бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу туралы жариялайды:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және ғылым комитетінің сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc).

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндірмелерді жүзеге асыратын жауапты тұлға:

  • Елшібеков Ренат, телефон 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68;
  • Еркін Шаймағамбетов, телефон — 8 (7172) 74-16-53, 74-27-64 (қаржы мәселелері бойынша);
  • Можанова Альбина 8 (7172) 74-24-67 (заң мәселелері бойынша).

Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дс. — жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және СТН алу үшін: 8-727-355-50-01 (ішкі. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дс. — жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, жобаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, «ҰМҒТСО» ақ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz. өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 14 тамызынан басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі — 2020 жылғы 28 қыркүйек (қоса алғанда).

Без рубрики