«Радиоэлектроника оқушыдан инженерге дейін» тақырыбындағы мастер-класс


ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А. З. Исагуловтың өкіміне сәйкес және Қарағанды қаласының мектептері мен колледждерінің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспары негізінде 2020 жылдың 3 наурызында «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасының базасында «радиоэлектроника оқушыдан инженерге дейін» тақырыбындағы мастер-класс өткізілді. Оның барысында №3 гимназияның 2 түлегі және Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің 7 түлегі БЖТ кафедрасының радионавигация зертханасына барып, радионавигация жүйесінің жұмысын іс жүзінде көріп танысты, сабақты кафедраның аға оқытушысы В.И.Мищенко жүргізді. Сондай-ақ түлектерді радионавигациялық зертханамен таныстырды, онда жалпы жиілікке қосылған құрылғылармен байланыс орнату үлгісі көрсетілді (Канададағы әріптестер қатысқан жиілік орнатылды). Сонымен қатар, кафедра мұражайына экскурсия жүргізіліп, түлектер кафедраның материалдық-техникалық базасымен және жабдықтармен танысты. Аға оқытушы Е. А. Сәрсембаев өткен ғасырдың радиоэлектрондық құралдарының жұмысын көрнекі көрсетті және түсіндірді, онда оптикалық-талшықты байланыс желілерін қосу үшін пайдаланылатын мыс кабельдері мен қазіргі заманғы жабдықтар қолданылды.

Кафедра меңгерушісі және КБЖ менеджері ҚарМТУ мамандықтары туралы таныстыру сұхбаттарын өткізді.

 

 

Без рубрики