Конституция күні мен Білім күніне арналған мерекелік іс-шара


2017 жылдың 2 қыркүйегінде Университет Бас корпусының алаңында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге ҚарМТУ басшылығы, Корпоративтік  Университеттің кәсіпорын басшылары, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың курстастары, ҰОС ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Дәстүр бойынша іс-шараның басында Университетінің негізін қалаушы –Сағынов Әбілқас Сағынұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік іс-шара аясында бірінші курс студенттеріне құрметті қонақтар мен ҚарМТУ ректоры тілек сөз сөйлеп, салтанатты түрде туды алып шығу, студенттік билетті табыстау және бірінші курстардың ант беруі өткізілді.

Іс-шараның соңына қарай қонақтар мен бірінші курстарға Университет шығармашылық үйірмелерінің өкілдері дайындаған концерттік бағдарламасы қойылды.

Мерекелік концерттен соң барлық бірінші курстар «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты Президенттің бағдарламалық мақаласын талқылауға кураторлық сағатқа шықырылды.

Без рубрики