«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы


«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы


Тәжібекова Кашамида Базылбекқызы 1976 жылы 5 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Нархоз университеті» КЕАҚ «Бизнес және басқару» бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі.

1998 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді, тау – кен инженер-экономисті  біліктілігін алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті болып бастады. 1999 жылдан 2004 жылға дейін Аймақтық  даму институтының аспирантурасында оқыды. 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын  мемлекеттік тілде қорғады.

Жалпы педагогикалық өтілі 23 жыл, оның ішінде доцент лауазымында – 5 жыл, кафедра меңгерушісі лауазымында – 2 жыл.

01.09.2007 жылдан 28.08.2009 жылға дейін Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде доцент болып жұмыс істеді.

Қарағанды техникалық университетінде 01.09.2009 жылдан бастап доцент, 03.02.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Университеттің ғылыми қызметіне белсенді қатысады, 2017-2019 жылдары «Ғылым қоры» АҚ-ның 23.12.2016 ж. №291 шартына сәйкес «Галлуазитті нанотүтікшелерді пайдалану арқылы қара және түсті металдардың коррозияға төзімділігін арттыру» 096-16ГК  жобасында коммерцияландыру және маркетинг маманы болып жұмыс істеді, сондай-ақ, университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын шаруашылық келісім бойынша орындайды, 2021 жылы шаруашылық келісімшарт бойынша 3 ғылыми жобаны басқарды. 2022 жылы 22.33.01 нөмірлі шаруашылық келісіммен  ғылыми жобаға  жауапты орындаушы болып табылады.

ҰБТ-ны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Ұлттық тестілеу орталығының директорынан, «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-ректорынан алғыс хаттары бар. Университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін академик Сағыновтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған. 2021 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына Аттестат алды.

10-нан астам магистрлік диссертациялар мен жобаларды басқарды.

2016-2018 жылдары «Сағынов оқулары» Халықаралық конференциясына белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.

Жыл сайын оның жетекшілігімен студенттер түрлі халықаралық конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды, мысалы, Э 17-2 каз тобының студенті Төлеухан Әйгерім 2020 жылы «Сағынов оқулары» халықаралық конференциясында 2 орын алды,

«Бағалау»мамандығы бойынша Республикалық олимпиадада 3 орын алған Фиэм 18-3 тобының студенті Пернебай Назеркенің жетекшісі болды.

Соңғы 6 жылда 45 — тен астам ғылыми еңбектер, оның ішінде Scopus (Скопус) компаниясының базасына кіретін журналдарда-3; уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда-13; РҒДИ базасына кіретін ғылыми журналдарда – 6, 1-Еуразиялық патент, ҚР 4 патенті, 8 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынды, 10 оқу құралы, Ғылыми кеңес ұсынған 2 монография жарық көрді.

Мемлекеттік тілде бакалавриат және магистратура үшін оқылатын пәндер: Сметалық іс, Кәсіпорын экономикасы, Экономика негіздері, Тау-кен кәсіпорнының қызметін Стратегиялық талдау және жоспарлау, экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі.

Байланыс деректері:

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 58, 4 ғимарат 314 кабинет.

Жұмыс тел.: 8 (7212) 56-75-94 (ішкі 1049);

Ұялы: 8-777-394-72-85

Е-mail: kashamida@mail.ru

Без рубрики