Топ-менеджер м.а.


Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы — техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты   (1987), Қазақстан Республикасының үздік өнертапқышы   (2005), Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі (2000), Халықаралық жоғары мектеп ғылымдары Академиясының академигі (2003), ҚазҰЖҒА академигі (2009).

Қарағанды политехникалық университетін 1976 жылы үздік бағамен бітірді. 1972-1976 жж. – Лениндік стипендиат. 1976 бастап 1977 жж. дейін – «Каргормаш» ө/б бас металлург бөлімінің ІІ санаттағы инженер-конструкторы. 1977-1980 жж. – Мәскеу автомобиль жасау институтының (МАЖИ) аспиранты.  1987-1988 жж. – Аахенск техникалық университетінің, құю институтының ғылыми машықтанушысы.  1980-1992 жж. – аға оқытушы, доцент,  1992 бастап 2000 жж. дейін – «Машиналар, құю өндірісі технологиясы және конструкциялық материалдар» кафедрасының профессоры, ал 2000 ж. маусымынан бастап кафедра меңгерушісі. 2004 ж. наурызынан бастап 2011 ж. маусымына дейін – бірінші проректор. 2011 ж., шілде айынан бастап Инновация және ОӘЖ жөніндегі проректор болып, ал 2013 ж., қаңтар айының 24 -нен ҚарМТУ-дың бірінші проректор қызметін атқарады.

Студенттер мен магистранттарды оқытудың жаңа инновациялық технологияларын оқу процесіне енгізуді басқарады. Оның қатысумен студенттердің, магистранттардың білімдерін бағалау және бақылаудың тестік-рейтингтік жүйесі, автоматтандырылған инженерлік талдау жүйелері, ақпараттандыру саласында жаңа заманғы білім стандарттары, Корпоративтік университет кәсіпорындарында инновациялық ғылыми жобалар енгізілді.   ҚР білімін ақпараттандыру жөнінде республикалық бағдарлама, ЖОО СМЖ туралы республикалық ережелерді, бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша 8 Мемлекеттік стандарт, Мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеу өткізу кезінде ЖОО қызметін бағалау критерийлерін, қашықтықтан техникалық оқыту бойынша нормативтік-әдістемелік базасын жасауға қатысты.

Сапа бойынша басшылық өкілі ретінде сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) жасауға және енгізуге белсенді араласты. Университет Қазақстан мен ТМД ЖОО арасында  оқыту СМЖ ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттаудан бірінші болып өтті.

Исағұлов А.З. 30 жылдан артық құймаларды дәл құю арқылы дайындау, құю өндірісін автоматтандыру, металлургия   саласында қолданбалы зерттеулер жүргізіп келеді. Алғаш рет өндіріске (Қазақстан, Ресей, Белорусия) төрт жаңа технологиялық процесс пен болат және шойын құймаларын дайындауға арналған машиналар енгізілді. Газ-ауа-импульстік қалыптау машиналарының параметрлерін есептеу әдістемесін «Георг Фишер» (Швейцария), «ВМD» (Германия) фирмаларының автоматты қалыптау желілерін жасау және пайдалану кезінде қолданады.

Құю қалыптарының технологиялық қасиеттерін зерттеуге арнап жасалған аспаптар мен болаттың жаңа маркалары Қазақстан Республикасының 20 өнеркәсіптік кәсіпорындарына және фирмаларына енгізілген.

Бес ҒЗЖ ғылыми жетекшісі, 620 ғылыми еңбек жариялады, оның ішінде 118 патент, 10 монография, 11 оқулық, 60 кітап пен оқу құралдары бар.  Ол 2 доктор, 17 кандидат даярлады.

Республикалық эксперименттік бағдарламалар жөнінде кеңестің, Қарағанды облысы әкімі жанындағы білім жөнінде консультациялық кеңес мүшесі, Қазақстан республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен ғылым және білім саласында сыйақы  жөнінде Мемлекеттік комиссия эксперті, «Интеллектуальная собственность», «Труды университета» республикалық журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі, ХАҒА Орталық Қазақстан бөлімшесінің төрағасы, ҚР инженерлік академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесі төрағасының орынбасары, «Қазақ терминологтары ассоциациясының» толық мүшесі болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі А.З.Исағұловқа – Қазақстан ЖОО арасында үздік оқулығы үшін конкурс жеңімпазының сертификатын (2002), ал 2004 ж.  «Сериясы 9000:2001 ИСО ҚР СТ бойынша сапа менеджмент жүйесі» сертификатын берді. «CHECK PОINT» сертификаттау жөнінде ассоциация еуропалық үлгідегі сертификат (2005) берді. Ғылым мен техниканың дамуына (2008, 2010) зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия және үздік оқулығы үшін «А.Байтұрсынов» атындағы күміс медаль (2011) иегері.

Исағұлов А.З. – КСРО өнертапқышы (1985), Қарағанды облысы үздік өнертапқышы (1992). КСРО ХШЖК алтын, күміс және қола медальдарымен (1988, 1990, 1991) және Қазақстан ХШЖК 1 дәрежелі дипломдарымен  (1987, 1990), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2005, 2007),  «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен (2003), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен, «Ы.Алтынсарин» медалімен (2006), «ҚР ғылымына еңбек сіңіргені үшін» белгісімен (2009), ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики