Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары мен магистранты профессор С.М. Шариповты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты


2022 жылдың қараша айының үшінші онкүндігінде «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Құрылыс және экология: замандастар диалогы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ол құрылыс саласын дамытуға және мамандар даярлауға елеулі үлес қосқан талантты ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор С.М. Шариповты еске алуға арналды.

Конференцияға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары – ҚазКҚД институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Құрметті құрылысшысы Ж.С.Нұғожинов және техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.А. Рахимов қатысты.

Конференцияға қатысушылар профессор С.М. Шәріповтың ғылымға қосқан үлесін, оның ғалым және тұлға ретіндегі жеке қасиеттерін жоғары бағалады. Ол әзірлеген техникалық шешімдер Қарағанды, Балқаш, Петропавл, Көкшетау және Степногорск құрылыс индустриясы кәсіпорындарында енгізілді, ал оның көптеген түлектері бүкіл Қазақстанның құрылыс индустриясы кәсіпорындарында табысты жұмыс істеуде.

Конференцияға Әбілқас Сағынова атындағы ҚарТУ ПКМ-22-2 тобының магистранты Е.Б. Тажентаева қатысты. Оның сөз сөйлеуін конференцияға қатысушылар ең қызықты және болашағы зор деп атап өтті.

Без рубрики