9-10 сәуірде жыл сайынғы байқаудың 2019 жылғы көрмесі өтті


Қарағанды облысының мектеп және колледж түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 9-10 сәуірде жыл сайынғы Талапкер-2019 көрмесі өткізілді. Аталмыш көрмеге университетіміз, сондай-ақ БЖТ кафедрасы белсене қатысты. Көрме білім басқармасының қолдауымен «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты-жоғары оқу орындары мен колледждер ұсынатын білім беру қызметтері туралы халықтың хабардар болуын арттыру. Іс-шара мектеп түлектеріне мамандық таңдау мен оқу орнын анықтауға көмектеседі. Жобаға талапкерлерді қабылдауға мүдделі барлық ЖОО мен колледждер тартылған.

 

Без рубрики