«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ» КӨРМЕСІ


Нұрсұлтан Назарбаев қоры 2021 жылдың 8-10 қыркүйек күндері Алматы қаласында болатын 40 жастан аспаған жас ғалымдарға арналған «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: Қалыптасу мен дамудың 30 жылы» атты І халықаралық ғылым Форумы аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесін жариялайды (ең мықты жасалған тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру).

Көрменің мақсаты – ғылыми-инженерлік ойлар саласындағы жастардың үздік жетістіктерін танымал ету және дамыту, озық тәжірибені тарату және тәжірибелік-құрастырушылық үлгілер мен ғылыми-техникалық жұмыстарды таныстыру.

Көрменің қорытындысы бойынша қордың көтермелеу сыйлығына ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Көрмеге қатысушылардың барлығына сертификат табысталады.

Көрмеге қатысуға өтінімдер онлайн түрде 2021 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

 

 

Без рубрики