ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ КҮНІ


Қарағанды техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Қалыбекованың және  аға оқытушысы    К.К. Нуржанованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай 19.04.2021 жылы «Рәміздер – ұлттық нышан» тақырыбына   ЭЭ-20-4 тобының студенттеріне мастер-класс өтті.

Мастер-класс мақсаты:

  1. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
  2. Студенттің есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
  3. Студенттерді Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.

«Рәміздер – ұлттық нышан»  тақырыбындағы мастер-класста   ҚР рәміздеріне байланысты  слайдтар көртсетілді, түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карталармен жұмыс жасалды, мақал-мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер айтылды.

 

Без рубрики