Математикадан Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 1 турдың Нәтижелері


2021 жылғы 7 сәуірде онлайн-тестілеу форматында өткізілген көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, математика профессоры Алимхан Абеуұлы Ермековтың 130 жылдығына арналған Математика пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 1 (іріктеу) турының қорытындысы бойынша келесі жоғары оқу орындарының 47 студенті 2 (негізгі) турға өтті:

  • Қарағанды техникалық университеті;
  • Назарбаев Университеті;
  • Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.;
  • М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.;
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.;
  • Азаматтық авиация академиясы;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университеті.;
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
  • М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Олимпиадаға 188 студент қатысты (ҚР 20 ЖОО-нан). Студенттердге іріктеу кезеңінде кездескен тапсырмалары күрделіліктің вариативтік деңгейімен ерекшеленді, бұл қатысушылардың математикалық әдістерді, логикалық операцияларды білу және түсіну деңгейін анықтауға және күрделілігі жоғары есептерді шешуде стандартты емес тәсілдерді қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік берді.

 

 

Без рубрики